Алматыда 15 қыркүйекте Franch Region франшизалардың ірі орта азиялық көрмесі болады.
Іс- шараның өткізетін жері: Алматы қ., Байтурсынов көш., 27/1 үй, Ramada by Wyndham Almaty қонақ үйі
Басталу уақыты: 09:30
Кіру тегін.
Құрылыстан бастап сұлулық салондарына дейінгі түрлі салалардағы компаниялар Қазақстан бизнесмендерін түрлі франчайзингтік модельдермен таныстырады, өз ісінің сапалы жоғары даму деңгейіне шығуға көмектеседі және франчайзинг әлеміндегі жаңа трендтер туралы баяндайды.
Алматы қаласында көрме ұйымдастырушыларының басты міндеттері:
- Қазақстанда және Орта Азияда кәсіпкерлікті дамыту
- шағын және орта бизнестегі франчайзингтік тұжырымдамаларды көрсету;
- жергілікті кәсіпкерлердің құзыретін арттыру.
Франшиза бойынша өз бизнесін кеңейтуді қалайтын 10-нан астам компания қатысады, атап айтқанда: «Гемотест» медициналық зертханасы, «СДЭК» — Ресей мен бүкіл әлем бойынша курьерлік жеткізу, «GROOM» — жануарларға арналған салондар желісі, «Элита» — зергерлік дүкендер желісі, «Colizeum» — киберспорттық клубтар мен ареналар желісі және тағы басқалар.
Франчайзинг сарапшылары көрме қонақтарымен табысты бизнес-модельдер қалай жұмыс істейтіні туралы ақпаратпен бөліседі және өз ісін дамытуға көмектеседі.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнес жүргізудің пысықталған модельдерімен танысуға және лайықты тауашаны таңдауға мүмкіндік беріледі, ал тәжірибелі кәсіпкерлер франчайзинг әлеміндегі өзекті тақырыптарды зерделеуге немесе жаңа бағытта қадам жасауға мүмкіндік алады.
Көрмеге қатысушылардың толық тізімі және «Franch РЕГИОН» компаниясының ресми сайтында тіркелу: http://franch-region.ru
«Гемотест» көрмесінің бас серіктесі – Ресейдің жетекші зертханасынан медициналық бизнес франшизасы.
Ресми туристік серіктес: «Aerotour» – туризм және саяхат қызметтері.
Қазақстандық Франчайзинг Қауымдастығының қолдауымен.
Discussion about this post