Депутаттар Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды талқылайды

Депутаттар Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды талқылайды

Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqpress.

Мұндай бастама «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының қорытындысында көрініс тапқан.

— 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды, — делінген Мәжілістің бейінді комитетінің қорытындысында.