KASE биржасында Қазақстан теңгесі мен АҚШ доллары арасындағы бағамы (басқа да валюталарға қатысты бағамы) өзгермейді. Демалыс маусымы нарықтағы құбылмалылық деңгейін төмендетті. Келесі аптада жұмыс уақыты басталады, бірақ нарық жүйесі қыркүйекте ғана қайта қалпына келеді, деп хабарлайды Qazaqpres Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.
18 тамызға қарай теңге бағамының болжамы
Бейсенбіде сыртқы жағдайлар нашар сияқты көрінеді. Мұнай нарығы әлі құбылмалы: сатуды жалғастырудың еш мәнісі жоқ, өйткені котировкаларда барлық факторлар ескерілген. Бірақ, инвесторлар сатып алу себептерін де елемейтін сияқты. Brent мұнайының баррелі 93,73 доллар шамасында тұрақты болып тұр.
Котировка – сатушы немесе сатып алушы белгілейтін тұрақты баға. Сол баға арқылы екі жақ тарап мәмілеге келіп, белгіленген бағамен сауда жасай алады.
Әлемдік валюта нарығында АҚШ долларының позициялары бейтарап.
Қазір тәуекелдерге бару сақтықпен қарастырылуда.
18 тамызға қарай теңге бағамының болжамы
Бүгінге валюта бағамының ауытқуына қатысты болжамдар: доллар – 476-478 теңге, еуро – 480-490 теңге; рубль – 7,70-8,00 теңге; юань – 70-71 теңге аралығында болмақ.
Discussion about this post