Қазақстанда доллар қымбаттады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE қор биржасына сілтеме жасап.
25 ақпандағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 472,24 теңге болды. Бір тәулікте бұл көрсеткіш 6,23 теңгеге өскен.
Kurs.kz мәліметі бойынша, дәл қазір Алматының ақша айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы — 467,43 теңге, сатылым — 472,46 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 465,49 теңгеден сатып алып, 470,90 теңгеден сатып жатыр.
Discussion about this post