Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Экономика

“Digital Almaty-2024”: Х индустриясы – Болашақтың цифрлық эволюциясы

admin by admin
19 января, 2024
“Digital Almaty-2024”: Х индустриясы – Болашақтың цифрлық эволюциясы

Алматы қаласында 2024 жылдың 1-3 ақпан аралығында «Digital Almaty-2024»: «Х индустриясы — Болашақтың цифрлық эволюциясы» атты цифрлық форумы өтпек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында  айтты.

Байланысты

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу

Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті

Биыл алтыншы рет өткелі жатқан форум ШЫҰ мен ЕАЭО елдерінің мемлекет қайраткерлерін, әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші сарапшылар мен кәсіпкерлерді біріктірмек.

«Digital Almaty іс-шарасына қатысуға Иран, Үндістан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қытай елдерінің халықаралық технопарктерінен ұсыныстар келіп түсті. Бұл мемлекеттер делегацияларының ауқымды форумға қатысуы нәтижелі ынтымақтастықтың негізін қалауға, цифрлық технологиялар саласындағы заманауи үрдістерді, сондай-ақ оларды әлеуметтік, экономикалық және экологиялық міндеттерді шешу аясында қолдану мүмкіндіктерін талқылауға көмектеседі. Мұндай іс-шаралар елдің имиджіне оң әсер етеді. Біздің алдымызда стратегиялық міндет тұр. Ол – Қазақстанды IT-елге айналдыру. Бұл міндетті іске асыруда осындай маңызды іс-шараларды ұйымдастырудың маңызы зор», — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов.

Сондай-ақ IT-экожүйе саласындағы жобалар туралы тәжірибе, ақпараттарды бөлісетін, отандық ірі жер қойнауын пайдаланушылардың, технопарктердің, технологиялық компаниялардың көрмесі жоспарланған.

Биыл “Digital Almaty”  VI форумы өнеркәсіптегі цифрлық трансформация, GovTech, 4.0 индустриясы, ESG, Smart City және басқа да салалардағы инновациялық шешімдерді ұсынатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынбақ. Панельдік пікірталастар шеңберінде халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары, IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар қатарынан 200-ден аса спикер қатысады. Экономика мен инновация секторларында жаңа технологияларды қолдану жайында табысты кейстерін сіздермен бөліседі. Үш күндік цифрлық іс-шараға 30 мыңнан астам адам қатыспақ.

«Форум аясында жалпы жүлде қоры 150 000 $-ды құрайтын «Industry 4.0 Startup Battle» үздік өнеркәсіптік стартапты анықтайтын ауқымды сайыс жоспарланған. Сондай-ақ, финалистер шара серіктестерінен бонус-сыйлықтар алады. Биыл стартаптар Digital Oil Field, ESG, Smart Mining бағыттары бойынша жарысады»,- деп атап өтті Форумның ұйымдастыру комитетінің басшысы Адия Ахметова.

Жалпы, Digital Almaty форумы инновациялық идеялар мен стартап-жобаларды жаңа нарықтарға шығаруда маңызды рөл атқарады. Әлемдік бастамаларға қатысу және өңірлік экожүйелерді қолдау технологиялық индустрияның дамуына айтарлықтай әсер ете отырып, бизнес пен кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Әлемдік сарапшылар мойындаған Digital Almaty шарасы былтыр цифрлық тау-кен, мемлекет басқаруын, криптобиржа, киберқауіпсіздік, білім беру және корпоративті инновацияларды талқылауда 150-ден астам спикерді жинады. Сонымен қатар, форум мектеп оқушыларына арналған “Digital Ministry Cup” атты робототехника және инженерлік жобалар бойынша алғашқы халықаралық чемпионатын өткізді. Қазақстан, Ресей және Әзірбайжаннан төрт номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Былтыр форум алаңында алғаш рет “Tech Garden Awards” марапаттау рәсімі өтіп, 2022 жылдың қорытындысы бойынша, өндіріс жұмыстарына инновациялық жобаларды енгізгені үшін өнеркәсіп орындары мен индустриялық кәсіпорындар марапатталды.

Форумның пленарлық отырысына ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары қатысты. Спикерлер цифрлық инфрақұрылымның тұрақты дамуы мен телекоммуникациядағы жаңа технологияларды талқылады. “Digital Almaty” ЕАЭО елдерінің цифрлық күн тәртібін талқылайтын платформа мен үздіксіз үрдіске айналды. Биыл ол «Х индустриясы» – Болашақтың цифрлық эволюциясына назар аударта жаңа бағытты қамтып жатыр.

Digital Almaty ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры (Tech Garden).

 

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз хабарламасы

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Жаңа Redmi Note 13 желісі: Қазақстанда сатылымның басталуы

Келесі жаңалық

Astana әуе паркін 50 ұшаққа дейін ұлғайтты

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті
Бизнес

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

24 июня, 2025
2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу
Басты

2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу

11 июня, 2025
Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті
Бизнес

Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті

29 мая, 2025
Энергетикалық сусындарға акциз енгізу: бизнес неге қарсы және бұл шешім Қазақстан үшін қаншалықты тиімді?
Бизнес

Энергетикалық сусындарға акциз енгізу: бизнес неге қарсы және бұл шешім Қазақстан үшін қаншалықты тиімді?

22 апреля, 2025
Олжас Бектенов Жамбыл облысында Jibek Joly арнайы экономикалық аймағындағы жаңа ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты
Басты

Олжас Бектенов Жамбыл облысында Jibek Joly арнайы экономикалық аймағындағы жаңа ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

17 апреля, 2025
inDrive қызметі жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жүргізушілер үшін салық агенті міндетін атқарады
Экономика

inDrive қызметі жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жүргізушілер үшін салық агенті міндетін атқарады

7 апреля, 2025
Келесі жаңалық
Astana әуе паркін 50 ұшаққа дейін ұлғайтты

Astana әуе паркін 50 ұшаққа дейін ұлғайтты

Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті

Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат науқаны Ақмола вагон жөндеу зауытынан басталды

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат науқаны Ақмола вагон жөндеу зауытынан басталды

11 декабря, 2020
Алматы облысында көп балалы аналарға арналған тігін цехы ашылды

Алматы облысында көп балалы аналарға арналған тігін цехы ашылды

29 апреля, 2021
Қостанай облысында жаяу жүргіншіні КамАЗ қағып кетті

Қостанай облысында жаяу жүргіншіні КамАЗ қағып кетті

22 февраля, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Қазақстанда алғаш рет жетекші қытай өндірушісінің соңғы буын инновациялық өздігінен ашылатын клапанның имплантациясы жасалды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қала болашағы — өңірлерден басталады». Қазақстан Ұлттық Урбан Форум – 2025

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Air Astana World Airline Awards 2025 көрмесінде аймақтың үздік әуе компаниясы атанды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • FlyArystan барлық бағыт бойынша билеттерге жеңілдік жариялайды
  • Қос диплом және Қытайда оқу: Қазақстанда ЖИ бойынша бакалавриат бағдарламасы іске қосылды
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «АстраЗенека» меморандумға қол қойды: өмірлік маңызы бар дәрілердің бағасы төмендейді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.