Облыста 15 672 онкологиялық науқас динамикалық бақылаға алынған. Бұл туралы Jetisy ‘ Media ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.
Сонымен, 2021 жылы диспансерлік есепке 2867 науқас алынған болатын: оның ішінде 1146 ер адам және 1721 әйел адам. 2020 жылмен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 22,7% — ға өсті. Бірінші орында сүт безі обыры, бұл 12,7% — ды, одан кейін асқазан обыры 8,6% — ды, өкпе обыры 7,8% — ды құрады.
«Өкінішке орай, 2021 жылы 1206 науқас қайтыс болды: оның ішінде 643-і ер адам және 563-і әйел адам. Алайда, бұл 2020 жылға қарағанда 6.5% — ға аз», — деп атап өтті Талдықорған қаласындағы облыстық көпсалалы клиниканың медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Гүлайым Оразбекова.
Еске сала кетейік, Алматы облысында 1-10 ақпан аралығында қатерлі ісік ауруын диагностикалау бойынша онкүндік өтуде, оның барысында тегін кеңес беру мен скрининг қарастырылған.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз