Бүгін, 10 қаңтарда Қазақстанда аза тұту күні, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Террорлық актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы» Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қаңтарда қол қойған болатын.
«Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда Жалпыұлттық аза тұту жариялансын», — делінген жарлықта.
Discussion about this post