Қазақстанда 8 мыңға жуық адам ұсталды

Қазақстанда 8 мыңға жуық адам ұсталды

10 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда 7939 адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress ІІМ жедел штабына сілтеме жасап. 

Штаб мәліметі бойынша, Ұлттық Ұланның және арнайы бөлімшелердің әскери қызметкерлер жедел іс-шаралар өткізу кезінде Алматыдағы екі базарда 207 адам ұсталған.

Ұрланған 5 автокөлік, ұрланған тауар-материалдық заттар (жаңа компьютерлік процессорлар, ноутбуктер, музыкалық орталық), сондай-ақ 2 бірлік тегіс ұңғылы және 4 суық қару тәркіленді.