Қазавтожол мекемесі Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше жол учаскесі жабылғанын жеткізді, деп хабарлайды Qazaqpress.
Атап айтсақ, Самара – Шымкент, Оралдан РФ шекарасына дейін; Самара – Шымкент, Подстепное кентінен Ақтөбе облысының шекарасына дейін; Орал – Тасқала – РФ шекарасы; Атырау – Орал, Оралдан Атырау облысының шекарасына дейін; Подстепное – Федоровка – РФ шекарасындағы тас жолдар жабылды.
Еске салсақ, күні кеше боранға байланысты Подстепное мен Жымпиты ауылдары арасындағы Самара – Шымкент тас жолының учаскесі жабылды.
Discussion about this post