Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді

Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді
Kazakhstan's President-elect Kassym-Jomart Tokayev speaks to the media after presidential elections in Nur-Sultan, the capital city of Kazakhstan, on Monday June 10, 2019 . An ally of Kazakhstan's former president was named winner of the presidential election on Monday in a vote marred by a police crackdown on protesters who criticized the result as an orchestrated handover of power. (AP Photo/Alexei Filippov)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі газ бағасының көтерілуіне қарсы митингке шыққан тұрғындарға қатысты Twitter-де пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqpress.

— Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек, — деп жазды мемлекет басшысы.

Еске салсақ, 2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары газ бағасының көтерілуіне байланысты митингке шыққан болатын.