Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті, деп хабарлайды Qazaqpress.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады, — деп жазды Берік Уәли Facebook-те.
Еске салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған.
Discussion about this post