Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Саясат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі пропаганда мен Көлгіновтің пиарына қанша ақша жұмсайды?

admin by admin
1 сентября, 2021
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі пропаганда мен Көлгіновтің пиарына қанша ақша жұмсайды?

Ras Aitamyn бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Мир» мемлекетаралық арнасының Қазақстандағы филиалына әкім Көлгіновтің қызметін көрсетуге қанша ақша төлейтінін жазған, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды

Бүгін әкімдіктен тендер алған басқа БАҚ Көлгіновтің қызметін қалай насихаттайтынына тоқталамыз.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ең үлкен сомадағы келісімшартты өзіне қарасты Elorda Aqparat ЖШС-мен жасасты. Биыл 381 млн теңгеден артық сомаға 4 келісімшарт жасалған.

Сонымен қатар әкімдік Nur Otan партиясына қарайтын Nur Media ЖШС-мен 210 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Бұл холдингке «Астана» телеарнасы, «Aiqyn», «Литер», «Tύrkistan», «Қазақстан теміржолшысы» газеттері және «NS», «Orda FM» радиолары кіреді. Осы тізімде аты аталған кей ақпарат құралдарымен әкімдіктің жеке келісімшарттары да бар. Мысалы, әкімдік биыл «Айқын-Литер» ЖШС-мен 5 млн теңгеге, «Астана» арнасының меншік иесімен 79 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 2021 жылдың мамырында «Время» газетінің меншік иесімен 8 млн теңгеге екі келісімшарт жасасты. Осы мемлекеттік тапсырыс есебінен шыққан материалдар арасында әкім Алтай Көлгіновтің қызметін насихаттайтын материалдар баршылық.

Әкім Алтай Көлгіновтің инвестициялар жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесінде астанада алты зауыт пен фабрика салу мақұлдағанын хабарлаған материалға 415 мың теңге төленді. Құрылысты аралап жүрген Көлгіновтің суреті мақаланың басында және ішінде жүр.

2021 жылы астанада 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынатынын хабарлаған ақпаратқа 228 мың теңге төленді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Көлгінов келгелі астанада тұрғын үй құрылысы қаптап, бос тұрған аумақты көппәтерлі үйлер басып жатыр. Бұған, әрине, кей тұрғындар наразы. Сол жағалаудағы үшауысымды мектеп жанына BI құрылыс компаниясына тұрғын үйлерді салуға рұқсат берген әкімдікке наразы тұрғындар түрлі флешмобтар өткізіп, әкімді шақырған. Қызығы, «Время» басылымы да бұл мәселе туралы жазған. Кейін әкімдік кінәсін жуып-шайғандай болып, алдағы бес жылда 65 мектеп салынатынын хабарлады. Әкім Көлгіновтің осы сөзін берген ақпарат үшін «Время» газетіне 208 мың теңге төленді.

Әкімдік пандемия басталғалы елдегі ең ірі порталдардың бірі — Tengrinews.kz-тің меншік иесімен 98,6 млн теңгеге (38,6 млн теңге — 2021 жылы, 60 млн теңге — в 2020 жылы) келісімшарттар жасасты.

Ал Nur.kz порталының меншік иесімен 138,7 млн теңгеге келісімшарттар жасасты. Соңғы келісімшарт тамыз айында 40,1 млн теңге сомаға жасалған.

Ал Zakon порталының меншік иесімен биыл 34 млн теңгеге екі келісімшарт жасасты.

Әлбетте, осы келісімшарт бойынша материалдардың бәрі әкім пиарына арналмайды. Бірақ жарық көрген материалдардың арасында Көлгіновтің қызметін насихаттайтын мақалалар, әкім мәлімдемелері, тіпті Көлгіновтің Instagram-парақшасындағы посттарды көшіріп басқан материалдар бар. Мысалы, Көлгіновтің Instagram-да ұзақ жыл бойы салынып жатқан 50 нысанды аяқтап, пайдалануға береміз деген мәлімдемесін көшіріп басқаны үшін 223 мың теңге төленді.

Көлгіновтің жыл басынан бері қалада 50 заңсыз қоқыс орны жойылып, полигонға 37 мың тонна қалдық шығарылғаны жайлы Insta-постына негізделген ақпарат та ақылы болып шықты.

Әкімнің вакцинаның бірінші компонентін алғандар арасында пәтер ойнатылады деген Instagram-дағы жазбасын көшіріп басқаны үшін де бюджет ақшасы төленді.

Дәл «Время» басылымы тәрізді Zakon да «2021 жылы 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынады» және «5 жылда 65-тен астам мектеп салынады» деген ақпараттар шығарды, оған бюджет ақшасы жұмсалды.

Көлгіновтің брифингіде астанада жемқорлықтың символына айналды делінетін LRT құрылысын аяқтау үшін 1 миллиард доллардай қаржы керек деген мәлімдемесі де ақылы болып шықты.

Әкімнің осы брифингіде биыл 15 ірі мектеп салынады деген мәлімдемесі мен оқушыларға вакцина салына ма деген сұраққа жауабына да бюджет ақшасы жұмсалды.

Zakon порталында шыққан осы ақпараттардың әрқайсысына 223 мың теңге төленді.

Пандемия басталғалы әкімдік Zakon.kz порталының меншік иесімен 61 млн теңгеге келісімшарттар жасасқан.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Мұрат Бектанов Қазақстанның қорғаныс министрі болды

Келесі жаңалық

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 4 320 жағдайы тіркелді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

5 сентября, 2025
Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты
Саясат

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

15 июля, 2025
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды
Басты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды

10 июля, 2025
Креативті индустрия ұлттық жаңғырудың маңызды тетігі – Мәулен Әшімбаев «Тоқаев моделі» туралы
Саясат

Креативті индустрия ұлттық жаңғырудың маңызды тетігі – Мәулен Әшімбаев «Тоқаев моделі» туралы

20 июня, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады
Басты

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады

21 января, 2025
Тоқаев Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті
Басты

Тоқаев Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті

15 января, 2025
Келесі жаңалық
Күн сайын көбейіп келеді: өткен тәулікте 7 778 адам COVID-19 жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 4 320 жағдайы тіркелді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Джозеф Байденнен хат келіп түсті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Джозеф Байденнен хат келіп түсті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Әлия Шалабекова Экология вице-министрі болып тағайындалды

Әлия Шалабекова Экология вице-министрі болып тағайындалды

21 мая, 2021
Жаңа жобалар мен мүмкіндіктер: ARCHICA архитектуралық конгресі немен есте қалды

Жаңа жобалар мен мүмкіндіктер: ARCHICA архитектуралық конгресі немен есте қалды

1 ноября, 2024
Мұхтар Тайжан: «Жылы орын тауып мәз. Айдос Сарым сатылып кетті»

Мұхтар Тайжан: «Жылы орын тауып мәз. Айдос Сарым сатылып кетті»

14 января, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Талаптарды тағайындау бойынша ҚҚС: Неліктен инкассаторлар мен салық органдары келіспейді?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вейптердің заңсыз онлайн-саудасы: «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы аясында зерттеу жүргізілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Alatau City Garant тайфуннан зардап шеккен құрғақ жүк үшін 520 000 АҚШ долларын төледі

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
  • Балалардың жоғалуын алдын алу бойынша әлеуметтік науқан «ADASQAN» сериалының тұсаукесерімен басталды
  • Алматыда цифрлық медицина болашақ емес — ол қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.