Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысымен шектеу критерийлері екі блокқа жіктелген: «Ashyq» жобасына қатысатын және қатыспайтын нысандар ескерілген.
Қаулы 8 маусым күні күшіне енеді, яғни «сары» аймаққа кіргеннен кейін 7 күннен соң.
Құжатқа сәйкес, Ashyq жобасындағы мейрамхана, дәмхана және кофехана сияқты қоғамдық тамақтану нысандары (ғимарат ішіндегі) 50 пайызға дейін толтырылған жағдайда сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бұл өз кезегінде «сары» және «қызыл» аймаққа қатысты.
Осындай график жазғы алаңдарға, банкет залдарына да бекітілген.
Ал фудкорттар үшін 20 пайызға дейін толтырылған жағдайда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз