Алматыда аялдамадағы апат: зардап шеккен үш адамның біреуі ауыр жағдайда

Алматыда аялдамадағы апат: зардап шеккен үш адамның біреуі ауыр жағдайда

Дәрігерлер Алматыда мас жүргізуші қағып кеткен жаяу жүргіншілердің жағдайын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

— Жәбірленушілер көптеген жарақат, травматикалық шок алған. Екеуі облыстық стационарға жеткізілді. Біреуі №7 қалалық клиникалық ауруханада. Оның иығы сынған, жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр, жағдайы ауыр, — деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда алкоголь мен есірткі қолданған 1997 жылғы жүргізушінің автобус аялдамасында үш жаяу жүргіншіні қағып кеткені хабарланған.