Қазақстанда өткен тәулікте 2641 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 650, Алматы қаласы — 657, Шымкент қаласы — 111, Ақмола облысы — 85, Ақтөбе облысы — 109, Алматы облысы — 220, Атырау облысы — 113, Шығыс Қазақстан облысы — 95, Жамбыл облысы — 38, Батыс Қазақстан облысы — 117, Қарағанды облысы — 202, Қостанай облысы — 28, Қызылорда облысы — 65, Маңғыстау облысы — 52, Павлодар облысы — 45, Солтүстік Қазақстан облысы — 26, Түркістан облысы — 28.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны — 278 695.
Сонымен қатар, елімізде кейінгі тәулікте 2002 адам коронавирустан айығып шықты.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 463, Алматы қаласы — 353, Шымкент қаласы — 5, Ақмола облысы — 122, Ақтөбе облысы — 105, Алматы облысы — 224, Атырау облысы — 79, Шығыс Қазақстан облысы — 46, Жамбыл облысы — 6, Батыс Қазақстан облысы — 114, Қарағанды облысы — 138, Қостанай облысы — 228, Қызылорда облысы — 16, Маңғыстау облысы — 12, Павлодар облысы — 39, Солтүстік Қазақстан облысы — 42, Түркістан облысы — 10.
Қазақстан бойынша аурудан айыққандар саны — 239 448.
Discussion about this post