«Қызыл» аймаққа тағы бір өңір келіп қосылды
Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Шымкент қаласы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары тұр.
Қостанай және Түркістан облыстары «жасыл» аймақта.