Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас Семейде тойда жүрген кезінде видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Qazaqpress.
Айта кетсек, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
— Қазақстандық әншінің қатысуымен жерасты салтанаты өткен мейрамхана иесіне, сондай-ақ, лауазымды тұлғаға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін мемлекеттік санитарлық — эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді, — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Discussion about this post