Жезқазғанда 2 жүк пойызы соқтығысты

Жезқазғанда 2 жүк пойызы соқтығысты

Жезқазған қаласының Комбинатская станциясында екі жүк пойызы соқтығысты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға 23 наурыз сағат 11.15-те Комбинатская станциясында болған.

«Tranco JEZZ» ЖШС-де (Транко Жез), Комбинатская станциясында келіп жеткен жүк тиелген 17 думпкар мен Комбинатская станциясында тұрған жүк тиелген 20 думпкар пойызы соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталуда», — деп хабарлады Жезқазған қалалық ТЖБ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тепловоздардың бірінде тежегіш жүйесі істен шыққан.