Қазақстанда коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша сегіз өңір «қызыл» аймақта, деп хабарлайды Qazaqpress.
Коронавирустың таралу деңгейі бойынша «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта: Қарағанды облысы
Қалған өңірлердің барлығы «жасыл» аймақта болып саналады.
Discussion about this post