Қазақстандағы Novo компаниясының жаңа бас директоры болып Манвендра Сингх тағайындалды

Қазақстандағы Novo компаниясының жаңа бас директоры болып Манвендра Сингх тағайындалды
Манвендра Сингх

Novo фармацевтикалық компаниясы (бұған дейінгі атауы — Novo Nordisk) Манвендра Сингхтың Қазақстандағы өкілдіктің бас директоры қызметіне тағайындалғанын хабарлады.

Манвендра Сингхтың фармацевтика саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Қазақстандағы басшылық қызметке тағайындалғанға дейін ол Novo Nordisk компаниясының құрылымында бірқатар жетекші лауазымдарды атқарды. Атап айтқанда, Катардағы компания бизнесіне жетекшілік етіп, Цюрихтегі халықаралық кеңседе сату және коммерциялық тиімділік бағыттарына жауапты болды. Сонымен қатар Манвендра Сингхтың Pfizer және Abbott сияқты ірі халықаралық компанияларда басқарушылық қызметтер атқарған мол тәжірибесі бар.

Жаңа қызметінде Манвендра Сингх қазақстандық пациенттердің инновациялық емдеу әдістеріне қолжетімділігін кеңейтуге басымдық береді. Атап айтқанда, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үшін қазіргі таңда негізгі сын-қатерлердің бірі болып отырған семіздік пен артық салмақ мәселесіне ерекше назар аударылады.

«Novo компаниясының ғылыми қызметінің өзегінде әрдайым адам тұрады. Біздің басты міндетіміз – семіздік пен диабет сияқты ауруларды емдеудің заманауи әдістері оларға мұқтаж әрбір адамға қолжетімді болуын қамтамасыз ету, – деді Манвендра Сингх. – Қазақстанның медицина саласын дамыту үшін әлеуеті зор. Біз Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен серіктестікті одан әрі нығайтып, пациенттердің қажеттіліктеріне жедел жауап беруге және еліміздің барлық өңіріндегі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ниеттіміз».

Novo компаниясы бұған дейін Қазақстандағы Novo басшысы қызметін атқарған Рану Азфар Зафарға бизнесті дамытуға және компанияның өңірлік нарықтағы позициясын нығайтуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.

Манвендра Сингхтың тағайындалуы Novo компаниясындағы ауқымды трансформация кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Компания ребрендинг жүргізіп, «Тұрақты денсаулық қазірден басталады» ұраны аясында жаһандық философиясын жаңартты. Novo өз миссиясына адалдығын растай отырып, Қазақстанда мемлекет пен медициналық қауымдастықтың сенімді әрі ұзақ мерзімді серіктесі болып қала беруге ниетті.