Arystan Café: FlyArystan бортындағы тамақтану қызметі

Arystan Café: FlyArystan бортындағы тамақтану қызметі

Саяхат кезіндегі жайлылық көптеген бөлшектерден құралады, солардың бірі – борттағы тамақтану. FlyArystan рейстерінде жолаушыларға ұшу ұзақтығына, ұшу уақытына және жеке талғамына қарай тағамдар мен сусындардың кең таңдауын ұсынатын Arystan Café қызметі қолжетімді.

Бағытқа байланысты тамақты ұшу барысында сатып алуға немесе рейске дейін алдын ала тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар, кейбір бағыттарда әуекомпания арнайы тиімді бағамен комбо-жиынтықтарды ұсынады.

Бұл материалда FlyArystan бортындағы тамақтану қызметінің қалай жұмыс істейтінін, жолаушыларға қандай мүмкіндіктер ұсынылатынын және Алматы – Астана – Алматы тікелей рейстеріне арналған арнайы ұсыныстың ерекшеліктерін баяндаймыз.

Борттағы тамақтану қызметі қалай жұмыс істейді

FlyArystan low-cost үлгісі бойынша жұмыс істейді, яғни жолаушылар сапар барысында өздеріне қажет қосымша қызметтерді ғана таңдайды. Осыған байланысты борттағы тамақтану әуе билетінің құнына кірмейді және бөлек сатып алынады.

Борттағы тамақтануға Arystan Café қызметі жауап береді. Оның мәзірінде ыстық тағамдар, сэндвичтер, бәліштер мен тәтті тоқаштар, десерттер, жеңіл тіскебасарлар, алкогольсіз сусындар және түрлі комбо-ұсыныстар бар.

Мәзірдегі көптеген өнімдерді ұшу кезінде, борттағы қор болған жағдайда сатып алуға болады. Дегенмен, ең қолайлы тәсіл – алдын ала тапсырыс беру. Бұл таңдалған тағамның нақты рейсте болуына кепілдік береді әрі ұшу кезінде сатып алумен салыстырғанда ұқсас ұсыныстардан 30%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Алдын ала тапсырыс мәзірі ішкі және халықаралық рейстер үшін әртүрлі. Негізгі мәзірден бөлек, жолаушыларға балалар мәзірі, вегетариандық, диабеттік және глютенсіз арнайы тамақтану түрлері де ұсынылады.

Ұшу алдында тамақты қалай таңдауға болады

Тамақ таңдаған кезде ұшу ұзақтығы мен рейстің жөнелтілу уақытын ескерген жөн.

Егер сапар таңғы ас, түскі ас немесе кешкі ас уақытына сәйкес келсе, ыстық тағамға алдын ала тапсырыс беру тиімді шешім болады. Балалармен бірге сапарлайтын жолаушыларға, сондай-ақ арнайы тамақтану рационын ұстанатындарға да таңдалған мәзір нақты олардың рейсіне дайындалуы үшін тапсырысты алдын ала рәсімдеу ұсынылады.

Алдын ала тапсырыс сапар кезіндегі тамақтануды ертерек жоспарлауға және борттағы қызмет көрсету кезінде тағам таңдаудың қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді. Мәзірдегі көптеген позицияларға тапсырысты ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын рәсімдеуге болады.

Arystan Café толық мәзірімен әуекомпанияның ресми сайтындағы «Қызметтер және құны» бөлімінде танысуға болады. Бағыт пен қызмет таңдалғаннан кейін жүйе сол бағытқа қолжетімді алдын ала тапсырыс мәзірін және әр позицияның құнын автоматты түрде көрсетеді.

Алматы – Астана – Алматы рейстеріне арналған арнайы алдын ала тапсырыстар

Алматы мен Астана арасындағы рейстерге жоғары сұранысты ескере отырып, FlyArystan осы бағыт үшін алдын ала тапсырыс беруге арналған жеке мәзір әзірледі.

Бұл комбо-ұсыныстардың негізгі артықшылығы – басқа бағыттарда қолжетімді ұқсас стандартты алдын ала тапсырыстармен салыстырғанда төмен арнайы бағада. Сонымен қатар арнайы ұсыныс жолаушылардың таңдауын шектемейді: олар FlyArystan ішкі рейстеріне арналған басқа позицияларға да тапсырыс бере алады.

Арнайы мәзірге алты комбо-ұсыныс кірді:

• вегетариандық бәліш және 0,2 л шырын – 2 500 теңге;
• тауық еті қосылған үшбұрышты сэндвич және 0,2 л шырын – 3 200 теңге;
• қызғылт шоколадты пончик және шай немесе кофе – 1 500 теңге;
• шоколадты пончик және шай немесе кофе – 1 500 теңге;
• күркетауық еті қосылған сэндвич және 0,2 л шырын – 3 500 теңге;
• ірімшік қосылған сэндвич және 0,2 л шырын – 3 200 теңге.

Ұшу кезінде жолаушыларға тағы екі арнайы комбо-ұсыныс қолжетімді болады (бортта өнім болған жағдайда):

• вегетариандық бәліш және 0,25 л су – 2 700 теңге;
• тауық еті қосылған үшбұрышты сэндвич және 0,25 л су – 3 500 теңге.

Алдын ала тапсырысты қалай рәсімдеуге болады

Стандартты тамақтануға алдын ала тапсырысты FlyArystan әуекомпаниясының ресми сайтында немесе мобильді қосымшасында ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын рәсімдеуге болады.

Сайтта:

«Брондау және брондауды өзгерту» → «Қызметтеріміз» → «Брондауды өзгерту» → «Қосымша қызметтер».

Мобильді қосымшада:

«Қызметтер» → «Жүк, орын және тамақтану» → «Жүк, орын және қызметтерді сатып алу» → «Тамақтану»

Алматы – Астана – Алматы рейстеріндегі арнайы ұсыныстарға алдын ала тапсырысты ұшуға дейін кемінде 16 сағат бұрын рәсімдеуге болады. Арнайы мәзір 2026 жылғы 1 шілдеден бастап сатып алынған осы бағыттағы тікелей рейстерге жаңа брондау жасау кезінде автоматты түрде қолжетімді болады. Бұл жолаушыларға өзіне қолайлы тамақтану нұсқасын таңдауға көбірек уақыт береді және сапарды жоспарлау кезінде қосымша икемділік ұсынады.

Тапсырыс рәсімделгеннен кейін таңдалған тамақ туралы ақпарат отырғызу талонында көрсетіледі. Борттағы қызмет көрсету кезінде жолаушыға оны бортсерікке көрсету жеткілікті.