Алматыдағы Канье Уэст концертінің қонақтарына маңызды ақпарат
Канье Уэст концертінің ұйымдастырушылары жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып, Орталық стадион маңында жиіліктердің бір бөлігін пайдалануды уақытша шектеу туралы өтінішпен Tele2/Altel-ға жүгінді. Бұл шара концерт кезінде қолданылатын және дәл сол жиілік диапазонында жұмыс істейтін арнайы техникалық жабдықтың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, осындай техникалық талаптар басқа елдерде, оның ішінде Грузия мен Түркияда өткен іс-шаралар кезінде де қойылған.
Tele2/Altel бұл ауқымды шараның Алматы үшін маңызын түсінеді және ұйымдастырушылар мен Әкімдіктің өтінішін ескере отырып, концерттің өтуіне қажетті техникалық қолдау көрсетіп отыр.
Сонымен қатар Tele2/Altel іс-шара өтетін аумақта клиенттер үшін ұялы байланыс пен интернеттің қолжетімділігін сақтау мақсатында қолда бар барлық техникалық мүмкіндікті іске қосады. Дегенмен ұйымдастырушылардың техникалық талаптарын орындауға байланысты жиіліктердің бір бөлігін уақытша шектеу және желіге түсетін жүктеменің артуы жекелеген уақыт аралығында мобильді интернет жылдамдығына әсер етуі мүмкін.
Концерт барынша жайлы өтуі үшін Орталық стадионға келгенге дейін билеттерді, QR-кодтарды және іс-шараға өту үшін қажетті басқа да ақпаратты телефоныңызға алдын ала жүктеп алуды ұсынамыз.