Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен дөңгелек үстел форматында кездесті.

Мемлекет басшысы Қытай бизнесінің Қазақстан экономикасын жаңғыртуға қосып отырған үлесін жоғары бағалап, елімізде табысты жұмыс істеп жатқан ірі компаниялардың қатарында Huawei-ді ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, бірлескен жобалар озық технологияларды енгізуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Бүгінде цифрлық технологиялар тұрақты экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күшіне айналды. Заманауи желілік және есептеуіш инфрақұрылым кәсіпорындардың сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, деректер алмасу жылдамдығын арттырады әрі цифрлық сервистердің қолжетімділігін кеңейтеді. Сонымен қатар, ол негізгі салаларды цифрлық трансформациялауға, басқару тиімділігін арттыруға, технологиялық жаңғыртуды жеделдетуге және білікті кадрлар даярлауға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел аясында Huawei Қазақстандағы серіктестерімен технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және цифрлық трансформация бағытындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға арналған келісімдерге қол қойды.

«Заманауи цифрлық инфрақұрылымды дамыту – экономиканың тұрақты өсімі мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі алғышарттарының бірі. Біздің басым міндеттеріміз – технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, инфрақұрылымның орнықтылығын күшейту және экономиканың негізгі салаларын цифрлық трансформациялауды жеделдету.

Осындай бастамаларды іске асыру Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайды», – деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Жаңа келісімдер Huawei компаниясының Қазақстанмен қалыптасқан ұзақ мерзімді серіктестігін одан әрі нығайта түсті. Олар телекоммуникациялар, есептеуіш инфрақұрылым, негізгі салаларды цифрландыру және адами капиталды дамыту бағытындағы бірлескен жобаларды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

«Huawei компаниясы Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын дамытуға 30 жылға жуық уақыт бойы өз үлесін қосып келеді.

Ынтымақтастығымыздың келесі кезеңі желілік және есептеуіш инфрақұрылымды нығайтуға, негізгі салаларға цифрлық шешімдерді енгізуге және жергілікті мамандарды даярлауға бағытталады. AI Sana жобасы аясында бүгінгі таңда 200 мыңнан астам қазақстандық студент білім алды. Біз елдегі цифрлық құзыреттерді дамытуға инвестиция салуды алдағы уақытта да жалғастырамыз», – деді Huawei Technologies компаниясы Бақылау кеңесінің мүшесі, қоғаммен байланыс және корпоративтік коммуникациялар департаментінің президенті Ван Цзяньфэн.

Қол қойылған келісімдер Huawei мен Қазақстан арасындағы ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтып, жаңа технологиялық бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік ашады. Компания елімізде заманауи цифрлық инфрақұрылымды дамыту, негізгі салаларды цифрландыру және жоғары білікті кадрларды даярлау бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.