Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері ұйқы безінің ауыр асқынуы бар әйелдің өмірін сақтап қалды

Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері ұйқы безінің ауыр асқынуы бар әйелдің өмірін сақтап қалды

Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасында  алғаш рет ұйқы безінің жалған жылауығына эндоскопиялық дренаждау  әдісі қолданылды.  

№7 ҚКА дәрігерлері бірегей операция жасап, ұйқы безі ауруының ауыр асқынуы – панкреонекрозы(өлген) бар 45 жастағы науқастың өмірін құтқарды.
Әйел бұған дейін ұйқы безінің қатты қабынуы – жіті   деструктивті панкреатитпен ауырған. Уақыт өте келе ұйқы безінің жалған жылауығы – сұйықтыққа толы қуыс пайда болған. Әйелдің жағдайы ағзадағы пайда болған іріңнен нашарлап, дене қызуы көтерілген, ауруы асқынып, әлсіздік күйге түскен. Қуыстың көлемі шамамен 15 сантиметрге дейін ұлғайған – бұл өте ауыр және қауіпті жағдай, бүндай жағдайдың салдары  адам ағзасына көптеген  ауыртпалықтарәкелуі ықтимал.    

№7 ҚКА-ның жетекші мамандарының, білікті  хирургтар мен эндоскопистердің қатысуымен консилиум өткізілді. Консилиумге № 7 ҚКА-ның  директоры, профессор Манас ЕмбергенұлыРамазанов,  директордың медициналық бөлім (хирургия) жөніндегі орынбасары Қамбар Жұманұлы Байжигитов, № 2 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Мұса Меңдібайұлы Сахипов, эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Аян Байжанов, № 1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Мұхитұлы Байтурғанов пен хирург Сәкен Бәйімбетов қатысты.Консилиумда пациентті емдеу тәсілі мен алдағы операция  жоспары талқыланды.

Дәрігерлердің алдында күрделі таңдау тұрды: дәстүрлі кесінділермен ашық операция жасау немесе заманауи құрылғыларды пайдаланып аз инвазивтіәдісті қолдану.

Пациенттің клиникалық ахуалы, КТ деректерін және жалған жылауықтың инфекциялық белгілерін ескере отырып, аз инвазивті араласуды — эндоскопиялық цистогастростомияны қолдану туралы шешім қабылданды.

«Операция эндоскопиялық құрылғыны пайдалану арқылы жасалды. Бұл аз инвазивті тіліксіз жасалатын операция тәсілі. Операцияны эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі А.С. Байжанов жасады. Дренажды стент орнату арқылы цистогастростома жасалды» — деді № 1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Мұхитұлы Байтұрғанов.

Операция кезінде арнайы иілгіш құрал эндоскоп пайдаландыол ауыз жолдары арқылы енгізілді.Жабдықтардың бақылауымен олар асқазан мен жылауық қуысының арасында шағын «арна» жасады.

Бұл арна арқылы іші қуыс жіңішке құбыр (стент)салынды, соның арқасында жылауықтың сұйықтығы асқазанға қауіпсіз ағып, кейін ағзадан табиғи жолменшығып кетті.
Мұндай әдiстiң басты артықшылығы тері жамылғысында тілік  жасалмауында. Бұл асқыну қаупін едәуір төмендетеді, ауырсынуды азайтады және пациенттің тезірек оңалып қалпына келуінемүмкіндік береді. Алайда, бұл жағдайда операция ерекше дәлдікті талап етті: жалған жылауық көлемі жағынан  өте  үлкен болып өседі, жұқпалы және ағзаның маңызды мүшелеріне жақын орналасқан.

Емдеу барысында ірің пайда болғаны анықталды, бұл әйелдің  клиникалық ахуалының қаншалықты ауырлығын тағы да растады.

«Операциядан кейін науқастың жағдайы тез жақсара бастады: дене қызуы түсті, ауырсыну белгілері азайды, жалпы көңіл-күйі тұрақтанды. Көп ұзамай жақсы көрсеткіштерімен үйіне шығарылды» -деді Талғат Мұхитұлы.

Бұл жағдайдың аурухана үшін маңызды жетістік,  дәрігерлер үшін үлкен тәжірибе болғанын атап айту керек, өйткені мұндай операция мұнда  алғаш рет жасалды.

Бұл дәрігерлердің даярлығының жоғары деңгейін және қаладағы заманауи медициналық технологиялардың дамуын көрсетеді.

Жетінші аурухананың дәрігерлер командасының үйлесімді жұмысының арқасында өте күрделі диагнозды еңсеріп қана қоймай, пациентті әлдеқайда ұзақ мерзімді қалпына келтіруді талап ететін ауыр ашық операциядан құтқарды.