ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА РЕКОРД

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА РЕКОРД

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше, 2025 жылғы қарашада Қазақстанда 25 804 жеңіл автокөлік пен коммерциялық техника сатылды. Бұл өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 22,7% жоғары. Айлық сатылым бойынша бұл – рекорд, ал 2025 жыл Қазақстандағы ресми авторитейл тарихындағы ең нәтижелі жыл болмақ. Жыл басынан бері 11 айда отандық дилерлер 207 616 жаңа автокөлік өткізді (+15,6%).

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қараша айында ресми дилерлер 25 мыңнан астам жаңа автокөлікті өткізді, және бұл ай рекордтық нәтиже көрсетті. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жаңа автокөлік нарығы былтырғы жылдың толық көрсеткішінен асып түсті, әрі алда бізді белсенді сатылым кезеңіндегі тағы бір ай күтіп тұр. Уәде еткендей, дилерлер серіктестермен бірлесіп қаржыландыру құралдарының қатарын кеңейтіп, арнайы ұсыныстар мен акцияларды іске қосуда. Дәстүрлі түрде желтоқсан автокөлік сатып алу үшін ең тиімді ай саналады. Республикамыздың Тәуелсіздік күні қарсаңында серіктестеріміз бен сатып алушыларымызға сенім білдіргені және саланың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, барша қазақстандықтарды алда келе жатқан мерекемен құттықтаймын».

Қарашада ең көп сатылған маркалар рейтингінде орын алмастыру болды: Chevrolet 7 777 автокөлікпен (өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда +76%) көш бастап, Hyundai нәтижесін (5 261; +37,9%) басып озды. Kia дилерлері 1 990 автокөлік сатты (+23,1%), Jetour1 326 (+43,7%). Бесінші орында Toyota (1 252; +3,4%). Алтыншы – Chery (1 123; -25,9%), жетінші – Haval (1 091; -24,9%). Үздік ондықты Changan (1 006; +4,1%), Geely (828; -15,3%) және Jac (597; -43,5%) толықтырды.

Қараша айындағы ең танымал модельдер: Chevrolet Cobalt (7 105), Hyundai Tucson (1 945) және Kia Sportage (1 320). Төртінші орында – Hyundai Mufasa (1 019). Одан кейін: Hyundai Elantra (907), Haval M6 (641), Hyundai Santa Fe (614), Chevrolet Onix (609), Changan CS55 Plus (498) және Hyundai Sonata (487). Үздік ондыққа енген барлық модель Қазақстанда өндірілген.

Он бір ай қорытындысы бойынша брендтер арасында Hyundai көш бастап тұр (45 220; +19,3%). Екінші орында – Chevrolet (33 486; +26,5%), үштікті Kia түйіндеді (21 481; +1,9%). Jetour төртінші орында (13 012 кроссовер; +55,6%). Бесінші – Chery (12 518; -7%), алтыншы – Haval (10 424; +7,8%). Одан кейінгі орындарда: Changan (10 131; +31,6%), Toyota (10 075; +2,9%), Geely (9 020; +24,6%) және Jac (8 787; -13,4%).

ТОП-20: 2025 ЖЫЛҒЫ ҚАРАШАДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

  ҚАРАША ҚАҢТАР-ҚАРАША
2024 2025 % 2024 2025 %
Chevrolet 4 418 7 777 76,0% 26 463 33 486 26,5%
Hyundai 3 815 5 261 37,9% 37 918 45 220 19,3%
Kia 1 617 1 990 23,1% 21 087 21 481 1,9%
Jetour 923 1 326 43,7% 8 360 13 012 55,6%
Toyota 1 211 1 252 3,4% 9 790 10 075 2,9%
Chery 1 515 1 123 -25,9% 13 466 12 518 -7,0%
Haval 1 452 1 091 -24,9% 9 672 10 424 7,8%
Changan 966 1 006 4,1% 7 700 10 131 31,6%
Geely 978 828 -15,3% 7 237 9 020 24,6%
Jac 1 056 597 -43,5% 10 143 8 787 -13,4%
BYD   453 0,0%   2 780 0,0%
Yutong 69 453 556,5% 1 089 1 462 34,3%
Lexus 321 318 -0,9% 3 267 2 709 -17,1%
GAZ 330 290 -12,1% 3 744 3 198 -14,6%
Lada 152 266 75,0% 902 2 569 184,8%
Tank 187 179 -4,3% 1 804 2 052 13,7%
Golden Dragon 123 158 28,5% 545 271 -50,3%
Jac Trucks 159 154 -3,1% 1 160 1 141 -1,6%
Subaru 55 138 150,9% 952 1 254 31,7%
Kaiyi 115 103 -10,4% 611 1 110 81,7%
Басқалар 1 562 1 041 -33,4% 13 714 14 916 8,8%
Жалпы нәтиже 21 024 25 804 22,7% 179 624 207 616 15,6%

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстандық автомобиль өндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автомобиль бөлшектерін өндірушілер қауымдастығы; Қоғамдық көліктер қауымдастығы; Қазақстан импорттаушылар қауымдастығы; Бизнесті және кәсіпкерлікті дамыту қауымдастығы; «QazAutoStandard» автокөлік сарапшылары мен аудиторлар қауымдастығы