ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ САТЫЛЫМЫ ҮШТЕН БІР ЕСЕГЕ ЖУЫҚ ӨСТІ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ САТЫЛЫМЫ ҮШТЕН БІР ЕСЕГЕ ЖУЫҚ ӨСТІ

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мәліметінше мамырда барлық типтегі 19 377 бірл. көлік құралдары өтті, атап айтқанда, 18 576 бірл. жеңіл автомобильдер мен жеңіл коммерциялық техникалар, 801 жүк көлігі мен автобустар иесін тапқан. Бұл былтырғы мамырмен салыстырғанда 51,4% жоғары көрсеткіш (12 796 бірл.). 2025 жылдың 5 айында (қаңтар-мамыр) 85 467 көлік сатылды. Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңдегі нәтижеден 28,7% артық (66 401 бірл.).

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «2025 жылдың мамыры оң серпіннің сақталғанын көрсетті: дилерлер банктермен күш біріктіріп, жаңа автокөліктерді адамдар үшін қолжетімді жағдай жасап жасауда. Бұл үрдіс тұтынушылар тарапынан қолдау тауып, нарық қатысушыларының маркетингтік белсенділігімен бірге сұранысты арттырды. Осы факторлардың ықпалымен биыл алғашқы 5 айда сауда шамамен үштен бір есеге өсті деуге негіз бар. Жалпы, бұл ұлттық нарық үшін жақсы көрсеткіш. Қаңтар мен мамыр арасындағы бір автомобильдің орташа құны 15.9 млн теңге шамасында. Былтырғы баға да осыған жақын, тек ол кезде орташа чек 16.1 млн теңгені құрады. Сонымен қатар ел тұрғындары заманауи, технологиялы модельдерге көп қызығатынын байқап отырмыз. Біздің болжам бойынша бұл тренд жыл аяғына дейін сақталады және 2025 жылды қорытындылаған кезде сауда көлемі тарихи межеге жетуі мүмкін». 

Ең көп өткен 10 автомобильдердің арасында әдеттегідей Hyundai (4 004 бірл.; былтырғы мамырмен салыстырғанда +66,3%) көш бастады. Chevrolet әлі екінші орында (2 344; +74,3%), ал үштікті түйіндеген Kia-ның 2 004 моделі өтті (+5,3%).  Биыл алғаш рет төртінші сатыға жайғасқан Changan (1 526 бірл; +124,7%) маркасы 1 367 көлігі өткен Chery-ді ығыстырды (+47,1%). Одан бөлек тізімде Jetour (1 278 бірл.; +92,5%), Haval (1 141 бірл.; +92,7%), Geely (1 009 бірл.; +124,2%), Toyota (812 бірл.; +42,2%) және Jac (794 бірл.; -22,8%) бар.

Көктемнің соңғы айында сұраныс жоғары болған модельдер ішінде  Chevrolet Cobalt (1 869 бірл.) бірінші орын алды. Одан кейін Hyundai Tucson (1 554 бірл.) мен Kia Sportage (995) тұр. Төртінші саты Changan CS55 Plus моделіне бұйырды (864 бірл.). Бесінші қатарға Hyundai Mufasa (581) орналасты. Сонымен қатар тізімге Chery Tiggo 2 (566 бірл.), Haval M6 (553 бірл.), Hyundai Santa Fe (506 бірл.), Jetour X50 (455 бірл.) және Hyundai Elantra (445 бірл.) кірді.

Алғашқы бес ай қорытындысы бойынша Hyundai (20 102 бірл.; +36,5%) ешкімге дес берер емес. 11 078 автомобилі өткен Chevrolet екінші жүлдеге ие болды (+79,9%). Үшінші орынды  Kia (9 116; +6,7%) алды.  Chery дилерлері 5 898 машинаның кілтін тапсырды. Үздік бестікке енген соңғы бренд Jetour – (5 749 бірл; +78,2%).

ТОП-20: 2025 ЖЫЛҒЫ МАМЫРДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ

  МАМЫР ҚАҢТАР-МАМЫР
2024 2025 % 2024 2025 %
Hyundai 2 407 4 004 66,3% 14 727 20 102 36,5%
Chevrolet 1 345 2 344 74,3% 6 159 11 078 79,9%
Kia 1 903 2 004 5,3% 8 541 9 116 6,7%
Changan 679 1 526 124,7% 3 696 3 847 4,1%
Chery 929 1 367 47,1% 5 403 5 898 9,2%
Jetour 664 1 278 92,5% 3 226 5 749 78,2%
Haval 592 1 141 92,7% 3 496 4 769 36,4%
Geely 450 1 009 124,2% 2 627 4 498 71,2%
Toyota 571 812 42,2% 3 384 3 710 9,6%
JAC 1 028 794 -22,8% 4 022 3 875 -3,7%
GAZ 352 322 -8,5% 1 650 1 589 -3,7%
Skoda 27 280 937,0% 71 924 1201,4%
Lexus 297 260 -12,5% 1 447 988 -31,7%
Lada 10 252 NEW 415 1 150 177,1%
Exeed 232 201 -13,4% 758 722 -4,7%
Tank 145 192 32,4% 804 874 8,7%
BYD   176 NEW   398 NEW
Omoda 190 170 -10,5% 846 643 -24,0%
Subaru 71 125 76,1% 560 486 -13,2%
Kamaz 62 106 71,0% 279 490 75,6%
Басқалар 842 1 014 20,4% 4 290 4 561 6,3%
Жалпы нәтиже 12 796 19 377 51,4% 66 401 85 467 28,7%

 

 

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.