«Тамаша жетілік» көшбасшылығынан кейін қандай акциялар өсуге дайын

«Тамаша жетілік» көшбасшылығынан кейін қандай акциялар өсуге дайын

Авторы: Алияр Акымгалиев, Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы

2025 жылдың басында түзетуден кейін нарықтың 20%-дан астамы қалпына келуіне қарамастан, денсаулық сақтау секторы, әсіресе биотехнология көлеңкеде қалып отыр. Бұл ұзақ мерзімді инвестициялар үшін мүмкіндіктер туғызады: қалыпты мультипликаторлар, бизнес моделдерін тұрақтандыру, M&A-ға (Mergers and Acquisitions) деген қызығушылықты қайтару және клиникалық прогресс қайта бағалау үшін қолайлы аяны қалыптастырады.

2021 жылдан бері биотехнологиялық сектор кең нарықпен салыстырғанда нарықтық бағалаудың әлдеқайда төмен болуына қарамастан одан әрі қысымға ұшырауда : XBI индексінің P/E коэффициенті S&P 500 және Nasdaq 25-30-ға қарағанда шамамен 15-ті құрайды. 2020-2021 жылдары пандемия аясында вакциналар, терапиялар мен диагностикалық шешімдерді әзірлеуге қызығушылық артып, инвестициялар ағыны байқалды, бұл, әсіресе, расталған кірісі мен мақұлданған препараттары жоқ шығынды компаниялар сегментінде сектордың қызып кетуіне әкелді.

Мөлшерлеменің өсуімен 2022 жылы капиталды қажет ететін жобалардың тартымдылығы ерте сатыда төмендеді, ал инвесторлар тұрақтырақ және тиімдірек секторларға ауысты. Бұрын салаға қолдау көрсеткен M&A-дағы белсенділік те қысқарды. Бірқатар компанияның тартымды бағалаулары мен көрсеткіштерінің жақсаруына қарамастан, қолайсыз макроорта мен технологиялық ралли мен Mag-7 компанияларына қызығушылық салдарынан биотехнологиялық сектор уақытша назардан тыс қалды.

Төменде «сатып алу» (BUY) рейтингі бар бес биотехнологиялық компания ұсынылған, олар инвестициялық үйлердің пікірінше жақсы өсу әлеуетіне ие.

Argenx SE (ARGX) — аутоиммундық және сирек кездесетін аурулар үшін антиденелер мен терапиялар әзірлейтін бельгиялық компания. Талдаушылар алдағы 3 жылда кіріс пен пайданың өсу қарқынының сақталуын күтуде. Орташа мақсатты баға — 750 АҚШ доллары, өсу әлеуеті 30%-дан астамды құрайды. 

Баға белгілеудің одан әрі өсуінің негізгі факторлары:

Natera, Inc. (NTRA) — инвазивті емес генетикалық диагностикадағы көшбасшы, обыр және трансплантаттар мониторингіне маманданған. Түсім жылына 15% -дан жоғары өсуде, 2027 жылға қарай кіріске шығу күтілуде. Талдаушылардың компанияға деген көқарастары оң, орташа мақсатты баға 201 АҚШ доллары, өсу әлеуеті — 21%-дан астам.

Бизнестің өсуінің негізгі факторлары:

BeOne Medicines Ltd. (ONC) — қатерлі ісікті емдеудің инновациялық әдістерін әзірлейтін жаһандық онкологиялық компания. Алдағы 12 айда кіріске шығады деп күтілуде және 2025 жылы 5 млрд АҚШ долларынан астам кіріс күтілуде. Күтілетін P/E коэффициенті 47. Талдаушылардың орташа мақсатты бағасы — 333 АҚШ доллары, өсу әлеуеті 27%-дан астам.

Акциялардың өсуінің негізгі факторлары:

Neurocrine Biosciences Inc (NBIX) — неврологиялық және нейропсихиатриялық бұзылулар үшін терапия әзірлейтін биофармацевтикалық компания. Компания тиімді және пайда мен түсімнің екі мәнді өсу қарқыны бар. Талдаушылардың орташа мақсатты бағасы — 160 АҚШ доллары, өсу әлеуеті 30%-дан астам.

Акциялардың өсуінің негізгі факторлары:

BioMarin Pharmaceutical Inc (BMRN) — сирек кездесетін генетикалық аурулар үшін терапия әзірлейтін биотехнологиялық компания. Пайда мен түсімнің өсуін сақтайды, Forward P/E 13.

Акциялардың өсуі үшін негізгі факторлар келесілер болуы мүмкін:

2024 жылы жалпы кіріс 18%-ға — 2,85 млрд АҚШ долларына дейін өсті, операциялық маржа 31%-дан асты. Компания 2026 жылға қарай маржаны 40%-ға дейін жеткізуге ұмтыла отырып, шығындарды белсенді түрде қысқартуда.

Биотехнология секторы бұрынғысынша жоғары құндылық құра отырып және өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсартуға ықпал ете отырып, денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі болып қала береді. Осыған қарамастан, пайыздық ставкалардың жоғары деңгейі мен жалпы макроэкономикалық фонды қоса алғанда, ағымдағы нарықтық жағдайлар сектордың серпініне тежеуші ықпал етеді.

Дегенмен биотехнологиялық компаниялар ұзақ мерзімді инвестициялар үшін әлеуетті тартымды бағыт болып қалып, белсенді дамуын жалғастыруда. Саладағы ірі компанияларға қатысты жетекші инвестициялық үйлердің талдамалық бағалауы оң сипатын сақтап отыр. Атап айтқанда, XBI салалық биржалық қоры бойынша (АҚШ-тың биотехнологиялық секторының серпінін қадағалайтын негізгі ETF-тің бірі) талдаушылардың орташа нысаналы бағасы шамамен 140 АҚШ долларын құрайды, бұл ағымдағы деңгейлерден 65%-дан астам өсу әлеуетін болжайды.