Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Атырауда ғылымды дамытуға бағытталған көшпелі отырыс өтіп жатыр

admin by admin
3 марта, 2025
Атырауда ғылымды дамытуға бағытталған көшпелі отырыс өтіп жатыр

Бүгін ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» атты кезекті көшпелі отырысы өтті. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов, академияның басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев, академиктер және мұнай-химия саласының өкілдері қатысты. Жиында Атырау облысында ғылымды дамытудың жаңа бағыттары талқыланды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды

Суд по делу Бажкеновой: несмотря на опровержение Генпрокуратуры, материал всё равно опубликовали

Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы жүйелі негізде артып келеді – «Sarap» клубының сарапшылары

Жиында Серік Шәпкенов университеттерден, зерттеу ұйымдарынан, индустриядан және аймақтық даму институттарынан ғалымдарды тарту арқылы ғылыми ұсыныстар әзірлейтін, басталған жобаларға сараптама жүргізетін, қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлейтін ғылыми-техникалық кеңестің маңызына тоқталды.

— Кеңес Ұлттық ғылым академиясымен тікелей байланыста белсенді және жүйелі түрде жұмыс жасайтын болады.Біз үшін ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы қолданбалы шешімдер, экологиялық зерттеулер мен жүйелі экологиялық мониторинг, соның ішінде жасанды интеллектті қолдана отырып, суды тиімді пайдалану және өндірістік су қалдықтарын терең тазарту мен регенерациялау, өндірістік полимерлер негізінде жаңа материалдар мен композиттер, пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу мен регенерациялау әдістері, мұнаймен ластанған топырақтарды жол құрылысына және құрылыс материалдарына пайдалану сияқты зерттеулердің маңызы өте зор. Бұлар академия әзірлейтін негізгі мемлекеттік ғылыми бағыттарда көтеріліп, қолдау табуы тиіс,-деді С.Шәпкенов.

Бұл ретте аймақ басшысы өңірлік ғылыми қорды нәтижелі пайдаланып, өндіріске қажетті, сұранысқа ие мамандарды дайындап, олардың жобасына жан-жақты қолдау көрсетуге басымдық беруді атап өтті.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының басқарма президенті Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, Атырау облысының экономикасы ғылыми зерттеулердің түрлі бағыттары бойынша қолайлы.

— Жергілікті бюджеттерде өңірлік ғылымды қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалары жоқ. Жалпы, жергілікті бюджеттен ғылымға бөлінетін қаражат көлемі, мемлекет бойынша оның дамуына жұмсалатын жалпы шығыстардың 1% — нан да аспайды. Атырау облысы — еліміздің табиғи ресурстары және экономикалық әлеуеті ең маңызды өңірлерінің бірі. Осы тұрғыда Атырау облысы басқа өңірлерге үлгі бола алады. Бұл ретте Ұлттық ғылым академиясы қажетті көмек көрсетуге дайын. Ең алдымен, Өңірлік кеңес Ұлттық академиямен тығыз байланыс орнатуы қажет және бұл сіздерге кеңес қызметінің барлық мәселесі бойынша Академиядан толыққанды әдістемелік және практикалық көмек алуға мүмкіндік береді. Ұлттық ғылым академиясы әзірлеген ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындаудың жаңа жүйесіне сәйкес агроөнеркәсіптік кешен, мұнай және тау-кен металлургия өнеркәсібі, тұщы суға қол жеткізуді қамтамасыз ету, өмір сүру сапасын арттыру және адами капиталды дамыту салаларындағы зерттеулер стратегиялық басымдықтарға жатқызылғанын және олар бірінші кезекте қаржыландырылатынын айту керек,-деді А.Күрішбаев.

Қатысушылар өңірлік ғылымның дамуының өзекті мәселелері, оның өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы сөз етті. Көшпелі отырыс аясында ғылыми-инновациялық көрме ұйымдастырылды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Академия Президиуымының көшпелі отырыс жұмысы нәтижесінде республикада алғаш рет Атырау облысы әкімдігі жанынан ғылымды қолдау Қорын құру туралы шешім қабылданды.

Шара өңірлік ғылымның басым міндеттерін айқындауға арналған форсайт-сессиямен жалғасады. «Ғылым-бизнес» питч-сессиясы форматында коммерцияландыруға дайын перспективалы ғылыми жобалар ұсынылады. Қатысушылар ғылыми қауымдастық пен бизнес арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылайды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

FlyArystan халықаралық бағыттар бойынша билеттерге науқан жариялайды

Келесі жаңалық

Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады
Категориясыз

Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды

7 августа, 2026
Сот: Сот отырысын жүргізу тілін таңдаған Темірлан Еңбесек…
Категориясыз

Суд по делу Бажкеновой: несмотря на опровержение Генпрокуратуры, материал всё равно опубликовали

6 августа, 2026
Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы жүйелі негізде артып келеді – «Sarap» клубының сарапшылары
Категориясыз

Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы жүйелі негізде артып келеді – «Sarap» клубының сарапшылары

6 августа, 2026
Алматыда өндірістік жарақаттану мен сақтандыру тәуекелдерін төмендетудегі ESG рөлі талқыланады
Категориясыз

Алматыда өндірістік жарақаттану мен сақтандыру тәуекелдерін төмендетудегі ESG рөлі талқыланады

6 августа, 2026
Freedom Holding Corp. компаниясы беделді Russell 3000 индексіне енгізілді
Экономика

Freedom Holding Corp. Bilim Group компаниясындағы үлеске ие болды

6 августа, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

«Не имела доступа к размещению публикаций и выполняла поручения Бажкеновой – экс-корреспондент Orda.kz Дуйсенова

6 августа, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa

Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында 7 жыл бойы гемодиализде жүрген 71 жастағы науқасқа аорталық қақпақша орнатылды

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында 7 жыл бойы гемодиализде жүрген 71 жастағы науқасқа аорталық қақпақша орнатылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстан жаңа нарықтарға 1,5 млн тоннаға дейін астық экспорттамақ

Қазақстан жаңа нарықтарға 1,5 млн тоннаға дейін астық экспорттамақ

30 декабря, 2024
Алматыдан 953 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 953 шақырым қашықтықта жер сілкінді

31 августа, 2021
Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Коронавируспен ауырғандардың саны артып барады

13 августа, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Halyk қорының 10 жылдығына орай: Алматы облысында ауыл балалары арасында республикалық турнир өтеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты
  • «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті
  • Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.