FlyArystan халықаралық бағыттар бойынша билеттерге науқан жариялайды

FlyArystan халықаралық бағыттар бойынша билеттерге науқан жариялайды
Фото: пресс-служба FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan халықаралық бағыттар бойынша билеттерге 25 000 теңгеден басталатын жеңілдіктер науқанын жариялайды. Науқан Қазақстаннан Түркия, Грузия, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне және кері бағыттағы рейстерін қамтиды.

3 наурыз сағат 14:00-ден 5 наурыз сағат 23:59-ға дейін әуебилеттерді www.flyarystan.com ресми сайтынан, FlyArystan мобильді қосымшасынан және басқа сату арналарынан сатып алуға болады.

Жеңілдікпен билеттер келесі халықаралық бағыттарға жарамды:

2025 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында:

•    Кутаисиден Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына және кері бағытта;
•    Ташкенттен Астанаға және кері бағытта;
•    Бакудан Ақтауға және кері бағытта;
•    Ыстамбұлдан Ақтауға және кері бағытта;
•    Үрімшіден Астанаға және кері бағытта.

2025 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында:

•    Ыстамбұлдан Қарағандыға және кері бағытта;
•    Бакудан Астанаға және кері бағытта;
•    Бішкектен Астанаға және кері бағытта.

FlyArystan саяхаттарды алдын ала жоспарлап, әуебилеттерді тиімді бағамен сатып алуға кеңес береді. Сондай-ақ, әуекомпаниясы бір бағытқа ұшу билеті салмағы 5 кг, өлшемі 56 × 23 × 36 см-ді құрайтын бір дана қолжүгін және борттағы кездейсоқ орынды қамтитынын еске салады. Басқа қажетті қосымша қызметтерді жолаушылар компанияның ресми сайтынан немесе FlyArystan қосымшасынан сатып ала алады.