10-11 қазанда Алматыда және 14 қазанда Ташкентте биылғы жылдың ең ірі сәулет оқиғаларының бірі – ARCHICA-2024 V Халықаралық сәулетшілер конгресі өтті.
Сәулетшілер конгресі сәулет, дизайн, құрылыс және девелопмент саласындағы әлемге әйгілі сарапшыларды біріктірді және екі елдің – Қазақстан мен Өзбекстанның диалог алаңшасында осы саладағы ағымдағы үрдістер мен заманауи сын-қатерлерді талқылау бойынша қызу пікірталастар өрбіді.
Конгресс аясындағы басты іс-шара қалалық дизайн-код тақырыбына арналған дөңгелек столдың жұмысы болды. Дөңгелек столды хедлайнер ретінде әйгілі сәулетші, Novaya Labs компаниясының басқарушы серіктесі Иван Курячий басқарды.
Бұл шараға өңірлік атқарушы билік органдарының, сәулет және қала құрылысы басқармаларының отыздан астам өкілі, сондай-ақ қалалардың дизайн-коды бойынша сараптамалық топтары қолдау білдірді.
Белгілі болғандай, дизайн-кодтарды әзірлеу туралы заң жобасы Мәжілістің қарауына шығарылды және Қазақстанның барлық қалаларына таралатын болады. Заңнамалық түзетулер қабылданған жағдайда, қазақстандық қалалардың сыртқы келбеті айтарлықтай жақсармақ. Дизайн коды, яғни қала кеңістігі элементтерінің міндетті визуалды құрамдасын реттейтін талаптар жиынтығы қала келбетінің тұтастығын қамтамасыз етеді, оның эстетикалық қабылдауын жақсартады.
Алайда, Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» КММ директорының орынбасары Шыңғыс Құсайынов дөңгелек стол барысында сөйлеген сөзінде атап өткендей, қазір Қазақстандағы дизайн-код ұғымы заңнамалық деңгейде «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР заңында ғана бекітілген және қалалық кеңістікті безендіруге қойылатын бірыңғай талаптарды іске асыру жайы егжей-тегжейлі сипатталмаған. Заңда «дизайн коды» ұғымы болмағандықтан, бұл жекелеген субъектілердің объектілерді пайдалану құқығын теріс пайдалануына әкеліп соғады, бұл өз кезегінде қалалық кеңістіктердің гармониялық үйлесімін бұзады. Сондықтан, оның айтуынша, сәулетке жақындығы бар жұртшылық тиісті заңның қабылдануын күтуде.
Өз кезегінде Иван Курячий ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Дербент қаласының (Дағыстан Республикасы) мысалы негізінде дизайн-кодты енгізу тәжірибесі туралы айтып берді. Бұл тарихи қалада «даму арқылы сақтау» тұжырымдамасы жүзеге асырылады, яғни Дағыстанның «оңтүстік астанасын» оның тарихи келбетін сақтай отырып дамытуға мүмкіндік беретін арнайы жұмыс регламенті құрылды. Сәулетшілер Дербент үшін оның «генетикалық кодының» ерекшеліктерін, яғни қаланың қалыптасқан келбетін бұзатын және керісінше сақтап қалатын морфотиптердің жиынтығын қамтитын құрылыстың бірегей формуласын әзірледі және осы формула негізінде қажетті пропорцияларды, әрлеуге керекті материалдарын және басқа да негізгі бөлшектерді анықтап алғаннан кейін дизайн кодты енгізе бастады.
Дөңгелек стол жұмысына қатысушылар бюджеттеуге, субсидиялауға, басқа консультанттарды тартуға, өңірлерде дизайн-кодты іске асыруға қатысты сұрақтарды белсенді түрде қойып жатты. Оларға Иван Курячий және Астана мен Алматы әкімдіктерінің қызметкерлері жауап берді, олар дизайн-кодты қабылдау және енгізу бойынша біраз шаруа атқарған тұлғалар болғандықтан қандай қиындықтарға тап болғандарын және оларды қалай шешуге болатыны туралы ой бөлісті.
Атап кету керек, конгрестің іскерлік бағдарламасының сессиялары қызу пікірталастардың катализаторы болды. ARCHICA Almaty лейтмотиві президенттің 2024 жылғы 8 тамыздағы мақаласымен үндесетін «Оқытатын сәулет» тақырыбы болды, мақалада Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды өңірлік білім беру хабына айналдырудың стратегиялық қажеттілігін атап көрсетеді. Қатысушылар білім беру объектілерін жобалауға және пәнаралық өзара іс-қимыл ортасын қалыптастыруға, сондай-ақ сәулет білімінің қолжетімділігіне қатысты баяндамалар дайындады.
Мәселен, сессиялардың бірі заманауи мектептерді жобалаудағы оқушылардың қажеттіліктеріне арналды, Haileybury қамқоршылық кеңесінің төрағасы Иан Хант, Hybrain мектебінің негізін қалаушы Ник Макфлай, корпоративтік құқық саласындағы заңгер Диляра Мәжитова, кәсіптік бағдар беру саласындағы сарапшы Даша Бублик және Gen Z мен Gen Alpha ұрпақтарын зерттеуші Данияр Қосназаров өз көзқарастарымен бөлісті. Олардың пікірінше, жалпы білім беретін мекемелер мектеп оқушыларына оқуға ыңғайлы болатындай болуы керек; олардың оқуға деген қызығушылығын монотонды, қатаң дизайн басып тастамайтындай сауатты кеңістіктік-стилистикалық шешімдер қамтамасыз етілуі шарт. Мектептер оқушыларды шабыттандыруы керек, ал қызықты және креативті архитектуралық шешімдер бұған ықпал ете алады.
ARCHICA Almaty тағы бір сессиясы сәулетшілер мен тапсырыс берушілердің білім беру мәселелеріне арналды. Оған STEMPS білім беру платформасының өкілдері Иван Соколов пен Мария Краснова қатысты, олар ақпараттың тез ескіріп кетуі жағдайында сәулетшілердің біліктілігін арттыру мақсатында арнайы , яғни өзекті сұрақтарға арналған онлайн-алаңша құру ерекшеліктері туралы айтты. Саха Республикасынан келген «База14» сәулет бюросының басшысы Мария Скрябина білім беру мәселесін онлайн форматтан офлайн режимге шығарып, сәулетшілер мен тапсырыс берушілерге бірге оқуға және жоба туралы айқын, нақты идеяны қалыптастыруға мүмкіндік беретін пайдалы практикалық құрал – урбан-турлар туралы айтты. Талқылауға қатысқан Айжан Ахмедова (ҚазБСҚА ХБК профессоры, «Архитектуралық дизайн» бағдарламасы) және Владимир Яскевич (Satbayev University «Архитектура» кафедрасының аға оқытушысы) ресми білім беру институттарының перспективасын ұсынды. Сарапшылар ресми оқыту мерзімдерін қысқарту қажеттілігі туралы келісті, қазіргі кезеңде 5 жыл – тым көп уақыт.
Орталық Азиядағы қалалық ұтқырлық тақырыбында британдық Urban Movement компаниясының көліктік жоспарлау басшысы Джон Дейлз және Urban Living-тің негізін қалаушы Риккардо Марини сөз сөйледі. «Біз салып жатқан қалалардың болашағы бар ма?»- міне, конгресс сияқты атаумен аталған сессияның басты мәселесі осы болды және Дейлз мен Маринидің бағалауы бойынша, бұл мәселе әзірге шешімін тапқан жоқ. Қалалардың болашағы олардың тұрғындарының әл-ауқатына байланысты, бұл өз кезегінде жаяу жүретіндерге арналған қолжетімді орындардың санына, автомобиль трафигі қарқындылығының төмендеуіне және көпшіліктің қоғамдық көлікке көшуіне байланысты болмақ. Көліктің көптігі мәселесі аса күрделі Алматы қаласының жағдайында бұл баса назар аударуды қажет ететін тақырып. «Кептелістің алдын алу үмітімен көбірек жол салу деген сөз семіздіктің алдын алу үмітімен белдікті босатқандай іспетті», – деп қорытындылады сөзін Джон Дейлз.
ARCHICA Tashkent болса Жаңа Ташкент шеберлік- жоспарының алғашқы ресми көпшілікке арналған премьерасымен ерекшеленді . Жаңа Ташкент- қала аумағын бұрын-соңды болмаған 20 000 гектарға дейін кеңейту жөніндегі соңғы уақытқа дейін жабық болған жоба. Оған төрт жыл бұрын бұл жария етілгелі бері әлемдік сәулет және құрылыс қауымдастығының өкілдері көз тіккен еді және ARCHICA әркелкі мифтерді жоққа шығарып, бұл мәселеде түбегейлі нүкте қойған орынға айналды. 9 қазанда «Янги Тошкент» құрылысының дирекциясы мемлекет басшысының қатысуымен өткен жабық тұсаукесерде түпкілікті шеберлік жоспарын бекітті, ал 14 қазанда дирекцияның сәулет және қала құрылысы департаментінің басшысы Жахонгир Анваров көпшілікке конгресте нәтижелерді ұсынды.
Ташкенттегі конгрестің іскерлік бағдарламасы тақырыптардың кен ауқымын қамтыды, оның ішінде урбанизацияның инновациялық жобалары арқылы Арал өңірін қайта жандандыру (Максим Олтян, «САД» студиясы) , коммерциялық жылжымайтын мүліктің заманауи трендтерін талдау (Екатерина Симакова мен Антон Захаров, SEarch жобалық зертханасы); заманауи қаладағы ритейл мүмкіндіктері (Магда Кмита мен Андрей Баркер, The Big Picture бюросы), болашақ офистердің интерьерлік элементтері (Зухра Нажметдинова, ComTechOff) болды.
Сондай-ақ шараға қатысушылар аумақтық маркетинг стратегияларын қалыптастыру тақырыбында пікір таластырды, құрылыстың жасыл стандарттарын кешенді енгізудің маңыздылығы мен өзектілігі атап өтілді. Жасыл сертификаттау бойынша консалтингтік институттардың келешегін HPBS-тың Орталық Азия жөніндегі директоры Анна Завалеева және Uzbekistan Green Building Council негізін қалаушы Темір Ахмедов таныстырды, ал аумақтық маркетингке қатысты сараптамамен Любовь Сафронова (SAFRONOVA PROJECT STUDIO) және Любовь Леонтьева (ludi_architects) бөлісті.
Жеке бір сессия шеңберінде азаматтарды тарту, креативті кластерлерді қалыптастыру және концепт-дизайн салаларындағы мамандар өнер мен қоғам арасындағы диалог арқылы қалалық ортаға қолайлы жағдай жасау тәжірибесімен бөлісті.
Өткізілген сәулет конгресінің тағы бір маңызды оқиғасы және мүмкін, оның стратегиялық жетістігі болар, бұл Invesco Capital Shares Management қазақстандық компаниясының сингапурлық серіктесі The Ascott Limited-пен арада меморандумға қол қоюы болды, бұл компания болса әлемнің 39 еліндегі 543 қонақүйді басқарады. Ол Capitaland-тің еншілес компаниясы, өз кезегінде соңғысы 100% Сингапурдың Temasek Holdings мемлекеттік инвестициялық компаниясына тиесілі, оның капиталы 389 миллиард долларды құрайды. Тараптар Қазақстанда, Орталық Азия елдерінде, Әзірбайжан мен Грузияда туризм мен қонақжайлылық саласын бірлесіп дамыту туралы уағдаласты.
Сонымен қатар, тараптар The Ascott Limited халықаралық желісіне «Комфорт Отель Астананы» Citadines брендімен конвертациялау арқылы енгізуге келісті, бұл оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және халықаралық қонақтарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл стратегиялық шешім Астананың туристік инфрақұрылымын жақсартады және жаңа туристік ағындарды тартуға жол ашады.
Конгрестің басты ерекшелігі Architecture & Design Leaders Awards2024 қатысушыларын марапаттау болды, шарада жыл сайын Орталық Азияның ең батыл, жарқын және ешкімге ұқсамайтын сәулеттік жобалары атап өтіледі. Жүлдегерлерді таныстырып өтейік:
НОМИНАЦИЯ: Отель инфрақұрылымы кешенінің үздік тұжырымдамасы
Жеңімпаз: Saraiva+Associados
Жоба: Mayr Almaty — home of Medical Wellness
НОМИНАЦИЯ: Бірегей офис кеңістігі
Жеңімпаз: Tleukhan Offices
Жоба: NS Co-working
НОМИНАЦИЯ: Үздік білім беру нысаны
Жеңімпаз: Астанагражданпроект
Жоба: NARXOZ University жатақханасы
НОМИНАЦИЯ: Үздік ғибадатханалық архитектуралық құрылым
Жеңімпаз: IYI Architect
Жоба: Сейтжан Қари Есжанұлы мешіті
НОМИНАЦИЯ: Премиум сегментіндегі үздік офис
Жеңімпаз: Art Dealers
Жоба: Tarlan Payments
НОМИНАЦИЯ: Мейрамханалар жобаларындағы бейне атмосферасы
Жеңімпаз: K & K
Жоба: «TÖR» мейрамханасы
НОМИНАЦИЯ: Орта қабатты тұрғын үй кешендерінің сапалы архитектурасы
Жеңімпаз: Parallel Architects
Жоба: «UzBoom» тұрғын үй кешені
НОМИНАЦИЯ: Жеке тұрғын үйлердің бейнелі сәулеті
Жеңімпаз: The Nable
Жоба: Бурабайдағы ДТҮ (ИЖД в Боровом)
НОМИНАЦИЯ: Облыс орталықтарының жаңа сәулеттік келбеті
Жеңімпаз: USMANOV Architects
Жоба: «Береке-2» тұрғын үй кешені
НОМИНАЦИЯ: Қалалық қоғамдық-демалыс орындары
Жеңімпаз: RS Group + O2 Architects
Жоба: APORT EAST сауда көңіл көтеру орталығында орналасқан Sanremo аквапаркіндегі SPA
НОМИНАЦИЯ: Шағын сәулет пішіндері декорының сапасы
Жеңімпаз: The CoGarts
Жоба: Şenber
«Бизнес-кластағы тұрғын үй кешендерінің іске асырылған жобалары» НОМИНАЦИЯСЫ бойынша Ташкент қазылар алқасының арнайы жүлдесі
Жеңімпаз: : USMANOV Architects
Жоба: «Da Vinci» ТК
ARCHICA конгрестеріне Орталық Азияның архитектуралық қауымдастығы қолдау көрсетеді және оның әртүрлі буындары арасында байланыстарды орнатады. Сәулетшілер, әзірлеушілер, инвесторлар мен тапсырыс берушілер, басқарушы компаниялар, өндіруші компаниялар, қоғаммен байланыс мамандары және азаматтық белсенділер-бұл элементтердің барлығы бір — бірімен үйлесімді жұмыс істеп, бір-бірінің мотивациясын шығармашылық және экономикалық тұрғыдан түсінуі керек. Осындай әртүрлі стейкхолдерлерді бір алаңшада біріктіретін және сонымен бірге іскерлік бағдарламаның сапасы мен өзектілігіне осыншалықты зейін қойып назар аударатын ұқсас іскерлік іс-шаралар Орталық Азия кеңістігінде жоқ дерлік. ARCHICA әр түрлі саладағы мамандарды ортақ бір қорытындыға жетелеп, оларға коммуникация үшін ашық және тәуелсіз алаңшасын ұсынады, осы арқылы қоғам алдында тұрған мәселелердің шешімдері тікелей пікірталастардың нәтижесінде пайда болатындығын тағы бір рет дәлелдейді.
Атап өтер болсақ, 2025 жылы ARCHICA жаңа аумақтарды ашпақ. Келесі жылы 10 және 11 қыркүйекте іс-шара Дохада (Катар) «confex» (conference + expo) форматында өтеді және 2 және 3 қазанда ARCHICA Ташкентке оралмақ.
Конгресс серіктестері: Amat Design Curam (ADC), IART, Citix, Saraiva+Associados, Arlight, Usmanov Architects, MEGA Smart, Equitone, Kingspan, Signify, ComTechOff, STEMPS, R.1 Lab.
Сонымен қатар шараға қатысатындар: Novaya Labs, IND, Skoltech, Lenz Architects, Basire Design Studio, «САД» студиясы, ARC Archirects, «Полис» институты.
Медиасеріктестер: Bizmedia.kz, Optimism.kz, Qazaqpress.kz, Bes.Media, CMN Central Media News, Smartnews.kz, Designer.kz, Weproject.media, STEPPE, Город 24.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз