Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен 2024 жылы «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігі жастар арасында дебаттық қозғалысты дамыту бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырды. Бұл бастама жастардың аргументация және сыни ойлау дағдыларын арттыруға бағытталған.
Жобаның алғашқы кезеңі республикалық дебаттық турнирмен басталды, оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 команда қатысты. Бұл турнир Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылды. Бұл шара дебаттық қозғалыстың дамуы үшін маңызды кезең болып, жастарға тәжірибе алмасу және жаңа байланыстар орнату мүмкіндігін берді.
Турнирндің қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай марапатқа ие болды.
І орынды — Алматы облысының командасы, ІІ орынды — Астана қаласының командасы, ІІІ орынды — Алматы қаласының командасы иеленді. Сонымен қатар, турнирдің Үздік спикері — Қызырхан Шыңғыс және Үздік төрешісі — Ардашқызы Еркежан атанды.
Келесі кезең аудандық және қалалық семинар-тренингтерді қамтыды, онда қатысушылар дебат жүргізудің негіздерін меңгеріп, ораторлық дағдыларын жақсартты. Бұл семинарлар тәжірибе алмасу мен өзекті мәселелерді талқылауға арналған платформаға айналды, жастардың белсенді азаматтық позициясының қалыптасуына ықпал етті. Семинар-тренингтерді аяқтағаннан кейін аудандық және қалалық дебаттық турнирлер өткізілді. Бұл жарыстар мықты командаларды анықтап, оларды ауқымды жарыстарға дайындауға мүмкіндік берді. Қатысушылар әртүрлі тақырыптарда сайысқа түсіп, өз білімдері мен аргументация дағдыларын көрсетті.
Жобаның қорытындысы облыстық турнирмен аяқталды, оған Жетісу облысының аудандық және қалалық командаларының үздіктері қатысты. Бұл турнирде қатысушылар жоғары дайындық пен командалық жұмысты көрсетті.
Турнирндің қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай марапатқа ие болды.
І орынды — Талдықорған командасы, ІІ орынды — Алакөл ауданы командасы, ІІІ орынды — Көксу ауданы командасы иеленді. Сонымен қатар, турнирдің үздік спикері – Панфилов ауданы, Даулетқан Балайым Жарқынқызы, үздік төрешісі – Тарихов Данияр Нұрғазыұлы атанды.
Бұл проект жастардың интеллектуалдық дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және саяси мәселелерді талқылауға дайын белсенді және жауапты азаматтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Жетісу облысының әкімдігі және Қоғамдық даму басқармасы бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыра отырып, өңірдегі дебаттық қозғалысты қолдауға арналған жаңа бастамаларды жүзеге асырады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз