Көкшетауда мектеп аумағынан 18 жастағы қыздың өлі денесі табылды

Көкшетауда мектеп аумағынан 18 жастағы қыздың өлі денесі табылды

Көкшетау мектебінің аумағында 18 жастағы қыз өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Qazaqpress Kaztag.kz-ке сілтеме жасап.

«20 шілде күні сағат 9:50-де «102» арнайы нөміріне Әуелбеков көшесі, 177 бойындағы 16 орта мектептің аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті», — деп хабарлады жұма күні Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына Көкшетау қалалық ІІБ тергеу-жедел тобы жіберілді. Тәртіп сақшылары төтенше жағдай орнын тексеріп, мәйіт сот-медициналық сараптамаға мәйітханаға жіберілді.

«2004 жылы 18 қыркүйекте туған Көкшетау қаласының тұрғыны қыздың жеке басы анықталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде», — деп қосты полиция.

Фото дереккөзі: 2gis.kz