Талдықорған қаласының әкімдігі алда болатын қаланың 80 жылдық мерейтойына дайындық жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Бұл айтулы күн 2024 жылдың 28 қыркүйегінде Жастар саябағында «Мен – талдықорғандықпын» ұраны аясында отбасылық фестиваль түрінде өтеді.
Талдықорған — тарихқа бай мегаполис. Қазақстанның дамуында маңызды рөл атқарған, елге көптеген көрнекті тұлғаларды сыйға тартқан қала. Мерекеде тұрғындар оның тарихы мен жетістіктерінің жарқын сәттерін еске алады!
«Мен — талдықорғандықпын» фестивалінде көптеген тақырыптық аймақтар қамтылады, олардың ішінде 2 сахналық ойын-сауық бағдарламасы ұсынылады, қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылады, спорттық аймақта дәстүрлі қазақ ойындарын тамашалауға болады. Сондай-ақ батуттар, аниматорлар қойылымдары мен шеберлік сыныптары өтетін балалар алаңы және т.б. бар. Ұйымдастырушылардың идеясы бойынша басты оқиғалар негізгі сахнада 17:00 — 22:00 сағат аралығында көрсетіледі.
Қонақтарды ди-джей, би флешмобы, цирк нөмірлері, иллюзионистік шоу және от шоуы бар музыкалық бағдарлама күтеді. Белгілі қазақстандық әртістер мерекенің хедлайнерлеріне айналады. UMBERTO PROJECT, STEPPE SONS, SAY MO және KALIFARNIYA қонақтарды қуаттандырып, ұмытылмас эмоциялар сыйлайды. Дәстүр сабақтастығы мен үндестігіне ерекше маңыз беріледі: 80 жұп мың бұрала вальс билейді, бұл ұрпақтар сабақтастығы мен қала тұрғындарының ынтымақ-бірлігінің көрінісі.
Мерейтойлық кеш керемет мерекелік отшашумен аяқталып, қалалықтар мен қонақтарды естен кетпес көңіл-күйге бөлемек.
Ұлттық сахнадан көрермендер талдықорғандық дәстүрлі музыканттар қойылымдарын, сондай-ақ барабан шоулары мен би ұжымдарының байқауын тамашалайды. Мерекелік бағдарлама Steppe Sons хедлайнерімен аяқталады.
Сонымен қатар, мереке қонақтарына бүкіл отбасы үшін ойын-сауық кеші ұйымдастырылады:
— Балалардың ойын алаңы слаймдар жасау, сурет салу, түрлі-түсті бояу жағу, аквагрим және т.б. бойынша шеберлік сабақтары бар кең бағдарлама ұсынады.
— Мерекеде сонымен қатар аэростат пен трансформер шоуларын, көпіршікті генератор, крио-шоу бағдарламаларын және басқа да көптеген жарқын көріністерді тамашалауға болады.
— Жасөспірімдерге арналған арнайы алаңда макияж, аквагрим, твистер және көңілді жарыстар ұйымдастырылады.
— Талдықорған қаласы спорт департаментінің қолдауымен ұйымдастырылған Спорт аймағында дәстүрлі ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар, сондай-ақ барлық жастағы белсенді адамдар үшін түрлі ойындар өткізіледі.
Қала тұрғындары мен қонақтарын Талдықорған қаласының 80 жылдық мерейтойына қатысуға шақырамыз!
Алматылық БАҚ өкілдері үшін трансфер ұйымдастырылады, тек аккредиттеуден өту қажет.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз