Бүгін АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері «Маңғыстау Аренада» спортшылармен кездесу өткізді.
Кездесуде халықтық штаб мүшелері Киікбай Жаулин, Ранида Балжанова, Әлібек Дуйсен АЭС құрылысының экономикалық тиімділігін, жаңартылған энергия көздерінің әлеуетін талқылады.
Елде халық санының өсімі, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының дамуы электр энергиясына деген сұранысты арттыруда. Электр қуаты жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында уақытылы шешім қабылдап, электр қуатын өндірудің жолын қарастыру өте маңызды. Осы орайда штаб мүшелері АЭС мүмкіндігі арқылы энергетикаға тәуелсіз мемлекет болу жолындағы ең ұтымды шешім екенін атап өтті.
— Қоғамда табиғи қуат көзімен ғана энергетика тапшылығын жоюға болады деген қате түсінік бар. Алайда атом электр станциялары мен жаңартылатын энергия көздері бір-біріне кереғар емес, керісінше бірін-бірі толықтырады. Дегенмен, Қазақстанда күн мен жел энергиясының ғана болашағы бар. Және ол атом энергетикасымен қатар дамитын болады. Ал АЭС қандай жағдайда да өз жұмысын жалғастырады, себебі реакторлық қондырғы жұмысы сенімді және қоршаған ортаға қауіпсіз, — деді штаб мүшелері.
Сондай-ақ, штаб мүшелері АЭС құрылысының Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Сондай-ақ, штаб мүшелері АЭС құрылысының Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Нақтыласақ, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандырады, заманауи технологиялар енгізіліп, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Ең бастысы қоршаған ортаға кері әсер ететін зиянды заттардың қалдықтары азаяды.
— Мен АЭС құрылысын толықтай қолдаймын. Өйткені, атом қуатын қолдаудың ұтымды жақтары өте көп. Бейбіт атом қуатын ел экономикасын дамытуға бағыттау және білікті мамандар буынын қалыптастыру жүйелі жүзеге асса қолдауым жөн деп санаймын, — дейді Мұнайлы ауданының тұрғыны, волейболшы Ерлан Отимов.
Жиын соңында спортшылар АЭС бойынша сұрақтарға толық жауап алды. Сонымен қатар 6 қазанда өтетін маңызды саяси науқаннан қалыс қалмайтынын жеткізді.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз