Байқоңырда жоғалған баланың неден қайтыс болғаны анықталды

Байқоңырда жоғалған баланың неден қайтыс болғаны анықталды

Бір күн бұрын Байқоңырда жоғалып кеткен жеті жасар Ерхан Анастың өлімінің себебі аталды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ресейдің тергеу комитетінің хабарлауы бойынша, баланың денесі Байқоңырдан 500 метр қашықтағы Сырдария өзеніндегі қалқыма көпірден жоғары мұз жиегінде табылған.

Айта кетсек, оқушының денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Ол суға батып кеткен.

— Сот-медициналық сараптама өлім себебі суға батуға байланысты механикалық асфиксия болғанын анықтады. Мәйітте басқа дене жарақаттары жоқ. Ерхан Анасқа қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы деректер жоқ, — деп хабарлады құқық қорғау органдары.