Jusan Garant көктемгі су тасқыны кезінде мүлкі зардап шеккен Қазақстанның солтүстігіндегі және батысындағы тұрғындарына төлемдер төлеуді аяқтап қалды. Компанияға 18 өтініш келіп түсті. Сақтандырушы 41 миллион теңге сомасына 14 сақтандыру жағдайы бойынша төлем жасады.
Бір жағдайда зардап шеккендер төлемнен бас тартты, олар әкімдіктен өтемақы алуды жөн көрді. Екіншісінде — залал 639 мың теңгені құрады және франшиза мөлшерінен аспағандықтан, ол төлемнен бас тартылды. Қалған екі өтініш бойынша Jusan Garant бағалау нәтижелерін күтуде.
Өтініштердің басым бөлігі Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан келіп түсті. Негізінен, үйлерін су басқан клиенттер жүгінді. Су тасқыны кезінде зардап шеккен Jusan Garant клиенттерінің барлық мүлкі аман қалды және қалпына келтірілді. Үйлерде көбінесе еденді, тұсқағазды, кіреберіс және ішкі есіктерді, қабырға бөлімдерін ауыстыру қажет болды.
«Сақтандыру төлемдері 200 мыңнан 8 миллион теңгеге дейін құрады. Мұның бәрі су тасқынының мүлікке келтірген залал дәрежесіне және оны қалпына келтіру шығыстарына байланысты болды. Біз зардап шеккен мүлікті қарап шығу және залалдың мөлшерін бағалау мүмкіндігі пайда болған кезде, төлемдерді жедел жүргізуге тырыстық, үлкен су бір айдан астам уақытқа созылып, су басқан үйлерге қолжетімділік болмаған жағдайлар да болды», — дейді «Jusan Garant» Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рамазан Асылов.
Төлем кешіктірілген жекелеген жағдайлар, Петропавл қаласының тұрғынымен болған жайдағыдай, клиенттердің тәуелсіз сарапшылар бағалаған шығын мөлшерімен келіспеуіне байланысты болды. Мамандар сақтандырылған тұрмыстық техника мен жиһаздың зардап шеккенін есепке алмай, сақтандырылған адамның мүлкіне келтірілген залалды ғана бағалаған. Қосымша тексеру жүргізіліп, бағалау туралы жаңа есеп жасалды. Қыркүйек айының басында Jusan Garant клиентке 5,1 млн. теңге төледі. Айтқандай, ол сақтандыру полисін бір жылға 162 мың теңгеге рәсімдеген болатын.
Jusan Garant мүліктік сақтандыру бойынша төлемдер бойынша қазақстандық сақтандыру компанияларының топ үштігіне кіреді: 2024 жылдың жеті айында сақтандырушы клиенттерге 1,2 млрд. теңге көлемінде залалды өтеді.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз