Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Қоғам

«Тазы – ежелгі қазақы ит тұқымы». FCI-дың әдепкі шешімі жарияланды

admin by admin
4 сентября, 2024
«Тазы – ежелгі қазақы ит тұқымы». FCI-дың әдепкі шешімі жарияланды

Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) Бас комитеті қазақ тазысын («Kazakh Tazy») ресми түрде ит тұқымы деп әдепкі (алдын ала) тану туралы шешім қабылдады, Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді.

Байланысты

«Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

Әдеп пен білім – қоғамның берік тірегі

Әлеуметтанулық зерттеу: әділдік, жауапкершілік пен заң бұлжымастығына деген қоғамдық сұраныс бар

Бұл шешім – қазақы тазы тұқымын халықаралық деңгейде толық тану яғни мойындау алдындағы негізгі әрі соңғы кезең.

«Бүгін сіздердің елдеріңіз үшін де, біз үшін де тарихи күн. FCI Стандарттау жөніндегі комиссиясы мен FCI Ғылыми комиссиясы ұзақ рәсімдерден кейін Бас комитетке осы тұқымды тіркеуді ұсынды. Құттықтаймын! Алдағы уақытта сіздерді 10 жылға созылатын жұмыс күтіп тұр. Осы уақыт ішінде иттердің денсаулығына көптеген тестілер жасалып, жаңадан туған тазы күшіктерінің статистикасы жүргізіледі, бұл деректер FCI Ғылыми комиссиясы үшін қажет. Иттердің денсаулығы мен жай-күйі қазіргі таңда өте маңызды мәселелердің бірі. FCI Қазақстандағы тазы тұқымының жүйелі дамуын бақылап отырады», деді FCI президенті Тамаш Яккель.

Естеріңізге сала кетейік, қазақы ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ оларды халықаралық деңгейде таныту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап ҚР Президенті Іс басқармасының қарауына алынған болатын. Өкілетті орган ретінде Экология және табиғи ресурстар министрлігі белгіленген.

Өткен 2 жыл ішінде осы бағытта елеулі жұмыс атқарылды: тиісті заңдарға өзгерістер енгізілді, тазы стандарты бекітілді, ғылыми зерттеулер жасалып, асыл тұқымды иттердің байқаулары мен көрмелер өткізілді.

Ит тұқымын Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) толыққанды мүшесі саналатын  Ұлттық кинологиялық ұйымдар арқылы ғана тіркетуге болады.

2023 жылдың тамызында Қазақстан кинологтары одағы Халықаралық кинологиялық федерацияның барлық талаптарын орындап, оның толыққанды мүшелігіне қабылданды. Сөйтіп өзінің ұлттық ит тұқымдарын жариялау құқығына ие болды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Біз «Kazakh Tazy» дербес тұқымын таныту үшін Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) барлық талаптарын орындадық. Соның ішінде еліміздің әртүрлі аймақтарында асыл тұқымды иттерді кең ауқымды тексеру жүргізілді. Иттер маңызды генетикалық зерттеулер қамтылған Кешенді медициналық тексеруден өтті, соның арқасында қазақы тазының бірегейлігін айқындайтын бұлтартпас айғақтар ұсындық. Тарихи зерттеулерде 4 мың жылдан астам тарихы бар ит тұқымының шығу тегі мен дамуы толық қамтылып, «қазақы тазы» тұқымының атауы түпкілікті бекітілді. Арнайы монотұқымды иттер көрмесін ұйымдастырып, FCI-дың Стандарттау және ғылым комиссиясының мүшелері тазы тұқымына жататын 100 итті зерттеуіне мүмкіндік туғыздық. Осы еңбектің нәтижелері негізінде бүгін FCI Бас комитетінің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақ тазысы ресми түрде әлемдік деңгейде танылды.

Тазы – біздің мәдениетіміз бен тарихымыздың ажырамас бөлігі, сондықтан біз ұлттық ит тұқымын сақтау әрі насихаттау үшін бар күшімізді салуымыз керек. Бұл күн шежіреде тарихи күн ретінде қалатынына сенімдіміз», — деді Қазақстан кинологтары одағының президенті Бауыржан Серікқали.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматы облысында кәмелетке толмаған балаларды сатқан

Келесі жаңалық

Алматыда алғашқы литий-ионды батареяларды қайта өңдеу зауыты ашылды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті
Қоғам

«Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

7 августа, 2026
Әдеп пен білім – қоғамның берік тірегі
Басты

Әдеп пен білім – қоғамның берік тірегі

1 августа, 2026
Әлеуметтанулық зерттеу: әділдік, жауапкершілік пен заң бұлжымастығына деген қоғамдық сұраныс бар
Басты

Әлеуметтанулық зерттеу: әділдік, жауапкершілік пен заң бұлжымастығына деген қоғамдық сұраныс бар

29 июля, 2026
Бизнес-күн тәртібі үшін бәсеке: «Ақ жол» мен Respublica арасында өткір ашық пікірталас өрбіді
Басты

Бизнес-күн тәртібі үшін бәсеке: «Ақ жол» мен Respublica арасында өткір ашық пікірталас өрбіді

27 июля, 2026
Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орынға ие болды
Бизнес

Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орынға ие болды

24 июля, 2026
Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды
Басты

Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды

20 июня, 2026
Келесі жаңалық
Алматыда алғашқы литий-ионды батареяларды қайта өңдеу зауыты ашылды

Алматыда алғашқы литий-ионды батареяларды қайта өңдеу зауыты ашылды

FlyArystan жолаушыларының саны 15 миллионға жетті

FlyArystan жолаушыларының саны 15 миллионға жетті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 70-ке жуық мектеп оқушылары Ақордаға экскурсиямен келді

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 70-ке жуық мектеп оқушылары Ақордаға экскурсиямен келді

1 июня, 2023
Сейсенбі күні Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Сейсенбі күні Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

20 июня, 2023
Airbus жаңа буын ықшам денелі ұшақты өндіріс технологиясын жетілдіреді

Airbus жаңа буын ықшам денелі ұшақты өндіріс технологиясын жетілдіреді

27 марта, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Halyk қорының 10 жылдығына орай: Алматы облысында ауыл балалары арасында республикалық турнир өтеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты
  • «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті
  • Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.