FlyArystan қазақстандық лоукостерінің әуе флоты 180 орындық Airbus A320 CEO моделінің жаңа ұшағымен толықты.
Әуе кемесі Recaro брендінің кең және ыңғайлы орындықтарымен жабдықталған. Барлық Airbus A320 модельдері секілді, жолаушылардың ыңғайлылығы үшін ұшақ салонында төмен шу деңгейі және көптеген жарықтандыру нұсқалары қарастырылған.
Ричард Леджер, FlyArystan президентінің м. а.:
«Airbus A320 біздің желі үшін тиімділігімен ғана емес, сонымен қатар қысқа және орта қашықтыққа ұшу үшін әлемдегі ең ыңғайлы ұшақтардың бірі ретінде танылған. Бұл толығу біздің жолаушыларымызға үздік саяхат тәжірибесін ұсынуға деген ұмтылысымызды көрсетеді. Әсіресе, авиацияда жоғары сұраныс маусымы болып табылатын жазғы кезеңде бұл аса маңызды».
Ұшақ атауын дәстүр бойынша әуе компанияның жолаушысы таңдады. Бұл жолы ұшақ атауын әуекомпания рейсінің жолаушысы Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалында таңдады. Аттас жұлдыздың құрметіне ұшақ «Альтаир» атауына ие болды. Ол қазақстандық лоукостердің әуе паркіндегі 23-ші ұшақ ретінде тіркелді.
Біз туралы:
FlyArystan – өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастаған қазақстандық лоукостер. Әуекомпания Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларындағы базалардан A320 ұшақтарының қазіргі заманғы әуе паркінде кең маршруттық желі бойынша рейстерді орындайды. FlyArystan маршруттық желісі Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркия, Үндістан, БАӘ, Катар және Қытайға ішкі және халықаралық бағыттар мен чартерлік рейстерді қамтиды. FlyArystan екі рет Skytrax World Airline Awards 2023 және 2024 жылдары Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік бюджеттік авиакомпания болып танылды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз