Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда өткен тәулікте 769 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап. 

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 133 887 жетті.

Оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысында — 16670 (+140),

Алматы қаласында — 16269 (+72),

Нұр-Сұлтан қаласында -16190 (+41),

Атырау облысында — 11708 (+31),

Қарағанды облысында — 11164 (+21),

Батыс Қазақстан облысында — 8140 (+34),

Солтүстік Қазақстан облысында — 6713 (+97),

Павлодар облысында — 6674 (+99),

Алматы облысында — 5801 (+24),

Қостанай облысында — 5553 (+82),

Ақмола облысында — 5432 (+89),

Шымкент қаласында -5381 (+5),

Жамбыл облысында — 4467 (+15),

Ақтөбе облысында -3493 (+5),

Түркістан облысында — 3495 (+7),

Маңғыстау облысында — 3441 (+5),

Қызылорда облысында -3296 (+2).