Ағымдағы жылдың 25 шілде күні Алматы қаласында «Тілдер саябағы» қалалық әлеуметтік, ашық аспан астындағы шет тілдерін тегін оқыту бойынша жобаның ашылу салтанаты өтті.
«Тілдер саябағы» жобасы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және Волонтерлер фронт-офисінің ұйымдастырумен іске асырылуда. Жоба Алматының барлық аудандарын қамтиды және таза ауада шет тілдерін үйренуге бірегей мүмкіндік бере отырып, 8 ірі саябақтарда жүзеге асатын болады.
Ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының міндетін атқарушы Азиз Кажденбек, Алматы қаласының мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және белсенді қала жастары қатысты.
«Жоба Алматының барлық аудандарын қамти отыра, таза ауада шет тілдерін үйренуге бірегей мүмкіндік береді. Оған қоса, 8 ірі саябақта іске асырылатын болады. «Тілдер саябағы» жобасы 7 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді, бұл қала тұрғындарына шет тілдерін тегін үйренуге мүмкіндік береді. Сабақтар жаз мезгілінде аптасына 3 рет өткізіледі және 6 жастан 60 жасқа дейінгі барлық жастағы қатысушылар үшін ашық. Айта кетейін, Алматыда жылына жастарға арналған 1000-нан аса экологиялық, тегін курстар, мәдени және спорттық шаралар тұрақты түрде өтіп тұрады. Бұл жобалардың барлығы жастарды қаланың мәдени-қоғамдық өміріне тартып, олардың жеке дамуына ықпал етіп және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған» — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының міндетін атқарушы Азиз Кажденбек.
Бағдарлама шеңберінде тілді меңгеру деңгейін көрсететін курстарды аяқтағаннан кейін сертификаттар бере отырып, қазақ тілін қоса алғанда, 8 тіл бойынша курстар ұсынылады. Биылғы жылы QR-кодтармен жабдықталған «EZ OQU» атты ағылшын тілін өз бетінше үйренуге арналған инновациялық кітапты енгізуге ерекше назар аударылады. Бұл кітап мұғалімдердің көмегінсіз ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік береді және 15000-нан астам қатысушыға білімдерін жетілдіруге көмектесті.
Айта кетейік, сабақтар қала тұрғынадарына ыңғайлы болу үшін, барлық аудандарда қатар жүзеге асады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз