Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөз сөйлейді, деп хабарлайды Qazaqpress. 

Бұл туралы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

-10 шілде күні сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді. Жиында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді, делінген жазбада.