Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық қатынас жүйесінің маңызды тетігіне айналды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы Елордада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде біздің ұйым халықаралық қатынас жүйесінің маңызды тетігіне айналды және тұрақты өсім мен жалпыға ортақ прогресті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосып келеді. Елдеріміздің саясат пен қауіпсіздік, экономика мен мәдениет салаларындағы жемісті өзара іс-қимылы бүкіл еуразиялық құрлықтың даму векторын айқындайды.
«Шанхай рухын нығайту және Шанхай принциптерін ілгерілету арқылы біз ШЫҰ-ны ең беделді халықаралық құрылымдардың біріне айналдырдық. Біздің бірлестігіміздің бірегейлігі мен орасан зор әлеуетінің арқасында әлемде оған деген қызығушылық тұрақты түрде артып келеді», — деді Қазақстан Президенті.
Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды.
Фото: Akorda.kz
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз