Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Жетінші аурухана дәрігерлері инсульт алған пациенттерді қалыпты өмірге оралтып жатыр

admin by admin
22 мая, 2024
Жетінші аурухана дәрігерлері инсульт алған пациенттерді қалыпты өмірге оралтып жатыр

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық аурухананың нейрореабилитация бөлімінде инсульт пен жарақат алған 2 мыңнан астам адам денсаулығын қалпына келтірді, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Байланысты

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ КӨЛЕМІН АЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығы жүрек трансплантациясын жүргізуге уәкілетті орталықтар тізіміне енгізілді

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында биылғы жылы үшінші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды

Бөлімше оңтүстік астананың ғана емес, еліміздің түпкір-түпкірінен келген науқастарды қабылдайды. Соның бірі – 58 жастағы Баян Қонақбаева Алматы облысының Қарасай ауданынан келген. Инсульттен кейін оң жағы толық жансызданып қалған ол өздігінен тамақ ішіп, жүріп-тұра алмайтын. Қазір осында МӘМС шеңберінде медициналық оңалтудың үшінші курсынан өтіп жатыр.

«Бірінші курстан кейін сал болып қалған қолымды қозғалтып жаттыға бастадым. Мұнда сал келген едім, оңалтудың екінші курсынан соң таяққа сүйенбей өзім жүріп кеттім. Есте сақтау қабілеті нашар болатын. Берілген жаттығуларды кинезиотерапия кабинетінен шыққан бойда ұмытып қалатындықтан бастан-аяқ телефонға түсіріп алып жүрдім. Енді міне, үшінші кезең бітуге жақын қалды, қазір үшбұрыш, шеңбер, шаршы, жұлдыз сынды пішіндерді салуды үйрендім. Жазуды қайта үйренуге деген құлшыныс пайда болды, дәрігерлерге деген алғысымды өз қолыммен жазып отырмын», — дейді пациент.

Емдеуші дәрігер, нейрореабилитация бөлімшесі меңгерушісі Айнұр Досыбаеваның айтуынша, үшінші курстан кейін науқастың аяғы мен қолдағы бұлшық еттерінің күші 4 балға дейін артқан (норма бойынша 5,0 балл).

Жалпы, реабилитация – МӘМС қаражаты есебінен жүргізілетін қымбат медициналық қызметтердің бірі. Пациенттер бөлімшеде күн сайын жеке кинезиотерапия, ПНФ, Бобот әдістерімен емдік дене шынықтыру, массаж, магнитті терапия, бұлшық етті электр тогымен стимуляциялау, лого-психикалық реттеу сынды ем түрлерін қабылдайды.

«Инсульт алған пациенттер бізге толық тексеріліп, ем курсын бітіргеннен кейін келеді. Біздің ауруханада олармен түрлі салалық дәрігерлер, әдістемеші-инструктор, емдік дене шынықтыру мамандары, логопедтер мен психологтардан құралған мультидисциплинарлық команда жұмыс істейді. Біздің бүгінгі кейіпкерімізбен Арай Есетай дейтін инструкторымыз айналысты», — дейді Айнұр Досыбаева.

Инсульт алғаннан кейін бір сағат ішінде ауруханаға жеткізілген пациентті емдеп жазу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан тілдің күрмелуі, аяқ-қолдың ұюы, беттің жансыздануы сынды белгілер байқалған кезде бірден жедел жәрдем шақыру қажет, деп атап өтті маман.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 2-кезеңдегі оңалтудан инсульт алғаннан кейін жарты жыл ішінде өтуге болады. Жолдаманы жергілікті емхана дәрігерлері береді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Геннадий Головкин бастаған ҰОК делегациясы Лозаннаға келді

Келесі жаңалық

«Таза Қазақстан» акциясы атбасарлықтардың жүрегі мен санасында пікір тудырды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ КӨЛЕМІН АЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ
Денсаулық

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ КӨЛЕМІН АЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

10 ноября, 2025
Алматы Қалалық кардиологиялық орталығы жүрек трансплантациясын жүргізуге уәкілетті орталықтар тізіміне енгізілді
Денсаулық

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығы жүрек трансплантациясын жүргізуге уәкілетті орталықтар тізіміне енгізілді

4 ноября, 2025
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында биылғы жылы үшінші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды
Денсаулық

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында биылғы жылы үшінші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды

30 октября, 2025
«Ауыртпалықсыз және тыртықсыз»: Алматыда 83 жастағы науқас TAVI технологиясы бойынша қолқа қақпағын ауыстырды
Денсаулық

«Ауыртпалықсыз және тыртықсыз»: Алматыда 83 жастағы науқас TAVI технологиясы бойынша қолқа қақпағын ауыстырды

30 октября, 2025
Жатыр денесінің қатерлі ісігі: уақытында айту маңызды ауру
Денсаулық

Жатыр денесінің қатерлі ісігі: уақытында айту маңызды ауру

28 октября, 2025
Жүрекке жасалған ота: алматылық дәрігерлер 18 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Жүрекке жасалған ота: алматылық дәрігерлер 18 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды

17 октября, 2025
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан» акциясы атбасарлықтардың жүрегі мен санасында пікір тудырды

«Таза Қазақстан» акциясы атбасарлықтардың жүрегі мен санасында пікір тудырды

Алматылық кардиолог қант диабетінің жүрек денсаулығына әсері туралы айтып берді

Алматылық кардиолог қант диабетінің жүрек денсаулығына әсері туралы айтып берді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Romantic relationship Rules — The Rules of a Good Romance

12 июня, 2022
Алматыда өрт шыққан хостел иелері іздестіріліп жатыр

Алматыда өрт шыққан хостел иелері іздестіріліп жатыр

1 декабря, 2023
Қазақстан студенттері әлеуметтік инновациялар көшбасшылары ретінде

Қазақстан студенттері әлеуметтік инновациялар көшбасшылары ретінде

24 октября, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Талаптарды тағайындау бойынша ҚҚС: Неліктен инкассаторлар мен салық органдары келіспейді?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вейптердің заңсыз онлайн-саудасы: «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы аясында зерттеу жүргізілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ КӨЛЕМІН АЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ
  • FlyArystan Астана мен Алматыдан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады
  • Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.