Бүгін бас хатшы Жанар Утешева мен Қазақстан ҰОК бас директоры Нұрлан Нөгербектен құралған делегация ХОК-тың штаб-пәтері саналатын Лозаннадағы (Швейцария) Олимпиадалық үйге барды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аталған жұмыс сапары халықаралық спорттық байланыстарды нығайтып, Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалысты бірлесе дамыту жолында маңызды қадам болады деп күтіліп отыр.
Қазақстан ҰОК өкілдеріне арнап түрлі Олимпиадалық қозғалыстың заманауи дамуындағы түрлі аспектілер мен ерекшеліктерді қамтыған таныстырылым өтті. Сондай-ақ Қазақстан ҰОК делегациясының жұмыс сапары аясында түрлі ХОК департаменттерімен кездесулер ұйымдастырылады.
Айта кетелік, аталған іссапардың басты оқиғасы – Геннадий Головкин мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах арасындағы кездесу болмақ.
Фото: Olympic.kz
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз