Метастаз — диагностика мен емдеуге кешенді көзқарасты талап ететін қатерлі ісіктің күрделі асқынуы. Ол қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімнің негізгі себебі және науқастың денсаулығына зор қауіп төндіреді.
Алматы онкологиялық орталығының онколог-дәрігері Тойлыбаева Зарина Мейрамбекқызы метастаз ісік жасушаларының біріншілік ісіктен бөлініп, қантамыр не лимфа жолдары арқылы қозғалып, содан кейін басқа мүше мен тінге еніп-өсуі нәтижесінде пайда болатынын айтады.
Метастаздың пайда болуына қатерлі ісік жасушаларындағы генетикалық мутация, ісік микроортасы, қабыну процесі және басқа факторлар әсер етеді.
Метастаздың белгілері қайталама зақымдану қай органда орналасқанына және оның жұмысын қаншалықты бұзғанына байланысты. Мәселен, бауырдың зақымдануы кезінде оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, тәбеттің жоғалуы, жүрек айну, механикалық сарғаю орын алса; өкпенің зақымдануы кезінде демігу, кеудедегі ауырсыну, тұрақты жөтел; сүйек зақымданғанда тыныштық күйінде жиі бас ауруы және айналуы мазалайды. Естің бұзылуы және тырыспа орын алуы мүмкін.
Метастаз тек өзі орналасқан органды ғана бұзбайды. Қатерлі ісік жасушаларының өлімі кезінде токсиндер шығарылып, олар бүкіл денеге әсер етеді.
Диагнозды растау үшін әр түрлі әдісті қолдануға болады, мысалы, компьютерлік томография (КТ), магнитті-резонанстық томография (МРТ), позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ сканерлеу), рентгенография және т.б.
Ерте анықтау және адекватты емдеу табысқа жету мүмкіндігін айтарлықтай арттырып, пациенттің өмір сүру сапасын жақсартады. Сондықтан қандай да бір күдікті белгі пайда болса, дәрігерге көрініп, қатерлі ісіктің ауыр асқынуын тиімді басқару үшін мамандардың ұсынысын орындау маңызды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз