Air Astana Airbus 320 тобындағы Астанадағы Ұшуға даярлау орталығында орнатылған ұшақтарға арналған салоннан апаттық эвакуациялау бойынша жаңа тренажер (CEET) және шынайы өрт сөндіру тренажері (RFFT) іске қосылғанын қуана хабарлайды.
Бұл тренажерлар Қазақстандағы бірегей болып табылады және бортсеріктер мен ұшқыштарды даярлау шеңберіндегі түрлі практикалық апаттық жағдайларды құруға қабілетті, ұшқыштардың бірінің әрекетке қабілетсіздігін, ұшақ шығуларының апаттық ашылуын, жолаушыларды эвакуациялауды, әуе кемесінің разгерметизациясы, өртті шынайы сөндіруді және күшті түтіндену жағдайында ұшақ салонында бағдарлауды қоса.
Әуекомпания қазіргі және жаңа бортсеріктер мен ұшқыштар үшін апаттық-құтқару рәсімдері бойынша оқытуды бастады.
CEET және RFFT ұшу және кабиналық экипаждың жаңа және қолданыстағы құрамы үшін заңнамада талап етілетін міндетті нормативтік бастапқы даярлықты және қайта даярлауды қамти отырып, жыл бойы пайдаланылатын болады.
Бұл инвестиция Air Astana-ның бортсеріктер мен ұшқыштарды сапалы оқыту арқылы тұрақты жетілдіруге және ұшу қауіпсіздігінің ең жоғары стандарттарына деген ұмтылысын көрсетеді.
Сандра Каллен, оқыту және клиенттік тәжірибе жөніндегі вице-президент:
-Ұшу қауіпсіздігі мен қауіпсіздік бойынша оқыту біздің басты басымдығымыз. Жаңа тренажерлар инновациялар ғана емес, сондай-ақ клиенттеріміз әрбір ұшу кезінде өздерін қауіпсіз және қамқорлықта сезінулері үшін шынайы жағдайларда біздің экипаждарды ең жоғары стандарттар бойынша даярлауды қамтамасыз етеді. Бұл жаңа тренажерлар әуекомпанияға экипаждың жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, бірақ ең бастысы ұшу және кабиналық экипаждың дайындығын бұдан да жоғары деңгейге көтереді.
Discussion about this post