Алматыда 9 қабатты бизнес орталықтың 8-қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqpress Inform.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде «Кең дала» бизнес орталығында 8-қабаттың өртенгені туралы видео тарады. Онда өрттің 9-қабатқа таралу қаупі бар екені, келушілердің ғимараттан сыртқа шығарылғаны жазылған.
Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 29 наурызда сағат 10:04-те ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданына, Достық даңғылы, 38 мекенжайына жіберілді.
«Оқиға орнына келген сәтте 9 қабатты бизнес орталықтың 8-қабатында 30 шаршы метр аумақта өрттің шыққаны анықталды. Өрттің 9-қабатқа таралу қауіпі болды. Тілсіз жау сағат 10:24-те оқшауланып, 10:39-да толық сөндірілді», — деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Келушілер ғимараттан сыртқа шығуға үлгеріп, қауіпсіз жерге орналасты. Зардап шеккендер жоқ.
Фото: Алматы қалалық ТЖД
Discussion about this post