Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бүгінгі сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді куәгер ретінде жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Айтбек Амангелді сот кезінде Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың арасындағы алғашқы ұрыс-керістер қалай басталғаны туралы мәліметтер айта келіп, марқұмның бет-әлпеті көгерген сурет көрсетті.
Жәбірленуші тарап бұл сурет Бишімбаевтың Нүкенованы сабағанына дәлел болады деп есептейтінін де жеткізді.
Айтбек Амангелді осы суретті көргеннен кейін Бишімбаевпен төбелесіп қалғанын айтты. Ол осы жағдайдан кейін С.Нүкенованы алып кетпек болғанымен, марқұм кетуден бас тартқанын атап өтті.
Фото: Inform.kz
Discussion about this post