Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

admin by admin
21 марта, 2024
Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» алаңында өтіп жатқан мерекелік іс-шарада Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өз сөзінде төл жаңа жылымыз Наурыз мейрамын ата дәстүрімізге сәйкес барша жұртымыздың бір ел, бір халық болып қарсы алатыны жөнінде айтты.

Байланысты

Жаңаөзенде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы: Маңғыстау облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы

«Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» VI халықаралық конференциясы: Қазақстан жастары арасындағы сенім индексі қалай өзгерді

Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

— Бабаларымыз ежелгі заманнан бері Ұлыс күнін жыл басы ретінде атап өткен. Қазір Әз Наурыз күллі халыққа ортақ жалпыұлттық мерекеге айналды. Оны ұлтына, дініне қарамастан барша жұртымыз ерекше күтеді, бірге атап өтеді. Дана халқымыз «Жақсы сөз — жарым ырыс» деп бекер айтпаған. Жаңа жылды жақсы ниетпен, пайдалы іспен бастау — талайдан қалыптасқан дәстүр. Бұл күні қонақжай жұртымыз ақ дастарқан жайып, бір-біріне ақжарма тілектерін айтады. Бұлақтың көзін ашып, тал егеді, тазалыққа баса мән береді. Наурыз мерекесінде халқымыздың асыл қасиеттері мен құндылықтары түгел көрініс тапқан. Биыл Ұлыстың ұлы күні Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақ жеріндегі дін мен дәстүрдің үйлесімі дәл осы кезде айқын көрінеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент биылдан бастап Наурыз мейрамы 10 күн бойы аталып өтіп жатқанына тоқталды. Наурызнамаға сәйкес, бүгін — елімізде Ынтымақ күні.

— Бірлік пен ынтымақ — еліміздің басты құндылықтарының бірі. Біз жанашырлық, тілеулестік сияқты асыл қасиеттерді дәріптеуіміз қажет. Еліміздің бірлігі мен татулығы әрдайым бекем болса, елдігіміздің тұғыры мәңгі болады. Мен бұған кәміл сенемін, — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңару мен жаңғырудың символына айналған Наурыз мейрамы биыл қоғам дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанымызды білдіретінін атап өтіп, барлық азаматтың жүрегінен орын алатын іргелі құндылықтардың айқындалғанына назар аударды.

— Еліміздің алдында биік мақсат тұр. Бұл — Әділетті Қазақстанды құру. Біз адал еңбек етіп, адал табысқа жете алатын әділ қоғам орнатуымыз керек. Мұндай қоғамды адал азаматтар қалыптастырады. Бір сөзбен айтсақ, әділдік пен адалдық — әрдайым қатар жүретін егіз ұғым. Сондықтан біз құрып жатқан қоғамда баршаға бірдей мүмкіндік беріледі. Әділетті мемлекет — бұл заң мен тәртіп үстемдігі. Озық мемлекет болу үшін бәріміз тек жарқын болашаққа сеніммен қарауымыз керек. Біздің үмітіміз — жастар. Қазақстанның келешегі сіздердің қолдарыңызда. Белсенді, санасы сергек, ойы ұшқыр, адал, көзі ашық жастарға біз әрдайым қолдау көрсетеміз, — деді Президент.

— Алматы бүкіл Қазақстанның өркендеуіне зор ықпал етеді. Сондықтан мен Алматының дамуын, қала тұрғындарының тыныс-тіршілігін айрықша назарда ұстаймын. Әсем Алматымыз болашақта бұдан да көркейе беретініне сенемін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Фото: Akorda.kz

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Тимур Турлов Қазақстан футбол құрамасына сыйақы төлейді

Келесі жаңалық

Шымкентте патрульдік полиция полкі ротасының командирі қамауға алынды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Жаңаөзенде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы: Маңғыстау облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы
Категориясыз

Жаңаөзенде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы: Маңғыстау облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы

13 декабря, 2025
«Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» VI халықаралық конференциясы: Қазақстан жастары арасындағы сенім индексі қалай өзгерді
Категориясыз

«Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» VI халықаралық конференциясы: Қазақстан жастары арасындағы сенім индексі қалай өзгерді

12 декабря, 2025
Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді
Категориясыз

Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

12 декабря, 2025
Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды
Категориясыз

Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды

12 декабря, 2025
Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды
Категориясыз

Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды

11 декабря, 2025
Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді
Категориясыз

Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді

11 декабря, 2025
Келесі жаңалық
Шымкентте патрульдік полиция полкі ротасының командирі қамауға алынды

Шымкентте патрульдік полиция полкі ротасының командирі қамауға алынды

Вьетнамдықтар қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтайды!

Вьетнамдықтар қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтайды!

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев вакцина, азық-түлік бағасы және тұрғын үй бойынша тапсырма берді

Тоқаев вакцина, азық-түлік бағасы және тұрғын үй бойынша тапсырма берді

25 марта, 2021
ІІМ Тұрғымбаевты әшкерелейтін хабарламаға қатысты пікір білдірді

Жамбылдық полицейлер жоғалған 6 азаматты тапты

18 марта, 2021
Қазақстанда 30 елден келген оқушыларға арналған халықаралық олимпиада өтеді

Қазақстанда 30 елден келген оқушыларға арналған халықаралық олимпиада өтеді

5 июля, 2022

Топ жаңалықтар

  • Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «MŪNAI» – Freedom Media ұсынады: жылдың басты тұсаукесері

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңаөзенде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы: Маңғыстау облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы
  • «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» VI халықаралық конференциясы: Қазақстан жастары арасындағы сенім индексі қалай өзгерді
  • Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.