Алматыда тағы да базар өртенді
Алматыда «Береке» базарының аумағында халық тұтынатын тауарлар сататын екі бутик өртенді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт таңғы сағат 06:15-те оқшауланып, 06:18 кезінде сөндірілген.
Жалын аумағы — 50 шаршы метр. Зардап шеккен ешкім жоқ.
Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.
Өрт сөндірушілер өрттің жақын маңдағы нысандарға таралуының алдын алды.
Фото: Тengrinews.kz